» » Бағдарлама шарапаты

Бағдарлама шарапаты

Бұған дейін жазған мақалаларымызда биыл аудандағы бірқатар спорт нысаны күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғыратынын жазған болатынбыз. Солардың қатарында “Наркескен” спорт клубының ғимараты да бар.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында "Наркескен" спорт клубының ғимаратын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты бұл спорт клубының ғимаратын жөндеу үшін аудан бюджетінен қажетті қаржы бөлінген.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Жамалатовтың айтуынша, бұл ғима­раттың жылу жүйесін қайта жаңғырту және ішкі төбе мен еден ағаштары, сырт­қы жоғарғы шатыр мен ғимараттың сыртын қаптау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда жылу жүйелері ауыстырылуда.
Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде атқарылып жатқан бұл жұмыстарға барлығы 10 адам жұмысқа тартылған. Жергілікті жерден жұмыспен қамту орталығы арқылы 5 адам жұмыспен қамтылды.
Айта кету керек, «Наркескен» клу­бында 8 спорттық үйірмеде 560 оғлан спортпен шұғылданады.

Н.АЛМАС

08 шілде 2020 ж. 555 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 648

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31