Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды
![](https://syrboyi.kz/uploads/posts/2020-05/1588682902_1588682515_whatsapp-image-2020-05-05-at-17_34_58.jpeg)
Жақсылық Әбдімәлікұлы 1972 жылы 28 маусымда Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келген. 1994 жылы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтының «Дене тәрбиелеу мәдениеті, оқытушысы-жаттықтырушысы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Жаңақорған аудандық спорт клубының жаттықтырушысы қызметінен бастаған.
1997 жылы облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының жетекші маманы, 1998-2005 жылдары облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының дене тәрбиесі сауықтыру және спорттық бұқаралық жұмыс бөлімінің жетекші маманы, 2005 жылы облыстық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің оқу-спорттық бөлімінің бас маманы, 2006-2016 жылдары облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының оқу-спорттық бөлімінің бастығы, 2016 жылы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.