» » WhatsApp-та жаңа пайдалы функция пайда болады

WhatsApp-та жаңа пайдалы функция пайда болады

WhatsApp мессенджерінде фото мен видеоны бір мезгілде бірнеше адамға жіберуге болатын функция пайда болады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі WABetaInfo сайтына сілтеме жасап.

Сурет, видео немесе GIF-анимацияны жіберер кезде бірнеше қолданушыны таңдау немесе оны сатусқа жариялау мүмкіндігі пайда болады. Қазір мұндай мүмкіндік тек «Камера» бөлімінде қарастырылғанын айта кету керек.

Қазір бұл функция Android негізіндегі смартфондарда, мессенджердің бета-нұсқасында қолжетімді. Портал мәліметтері бойынша, WhatsApp-тың iOS-қа арналған бета-нұсқасын жаңартқан кезде жаңа интерфейс қосылады, оның ішінде осы функция да бар.
Функцияның әлі де әзірленіп жатқаны айтылды, ал нақты шығатын мерзімі әлі жарияланған жоқ.
03 қаңтар 2022 ж. 152 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 425

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031