» » "Самұрық-Қазына" басшысы Тоқаевтың сынынан кейін желіде жазба жариялады

"Самұрық-Қазына" басшысы Тоқаевтың сынынан кейін желіде жазба жариялады

"Самұрық-Қазына" қорының басшысы Алмасадам Сатқалиев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін желіде пост жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Ол қазір "Самұрық-Қазына" қорын реформалау бағдарламасының жобасы дайындалып жатқанын атап өтті. Айтуынша, қор реформалау бағдарламасына нақты, әрі тиімді ұсыныстар бере алатын азаматтармен диалог орнату дайын. 

Жуық арада бұл жоспарлар біздің корпоративтік сайтқа, және басқа да ашық көздерге жарияланатын болады. Қор өкілдері қазақстандықтардың барлық сұрағына жауап береді.

"Ашықтық пен есептілік, бизнес үшін кедергілерді жою, әлеуметтік жауапкершілік пен жемқорлыққа қарсы күрес басты қағидаттар ретінде белгіленді. Қазақстан азаматтарына ұлттық байлықты әділ бөлу элементі ретінде Қор активтеріне иелік етуге тікелей қатысу мүмкіндігін беру, менің ойымша, бетбұрысты кезең болады", - деп жазды Сатқалиев желіде.

"Самұрық-Қазына" Қазақстан Республикасы азаматтарына Қор активтерін тікелей иеленуге мүмкіндік бермек.

“Яғни, ұлт байлығын әділ түрде барша халыққа үлестіріп беру – біздің басты мақсатымыз. Біз бизнес-процестер мен Қордың компаниялар тобындағы корпоративтік басқару тәжірибесін реформалауды ұсынамыз. Есеп беру мен басқару тетіктері басқаша болады. Мұнай, газ, көмір, тасымалдау мен ұқсату, электрқуатын өндіру, телекоммуникациялар және басқа да салалардағы қатынастарды жаңалауға бет аламыз”, – дейді Алмасадам Сатқалиев.

Сатып алулар жүйесін түбегейлі өзгертіп, отандық тауар өндірушілер мен шағын және орта бизнесті қолдау механизмдерін күшейту жоспарлануда.

Сатқалиев бұл мәселелер 26 қаңтарда ашық диалог форматында бизнес қауымдастықпен талқыланатынын жеткізді. Әлеуметтік желілерде онлайн трансляция жүргізіледі.

"Біздің бағдарлама бекітілген жағдайда, мен оны сәтті енгізуге және орындауға дайынмын", - деп сендірді қор басшысы.  
Қазақстандықтар қорды реформалауға қатысты ұсыныстарын корпоративтік поштаға usynys@sk.kz жолдай алады.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорының тиімділігіне күмән келтірді. Мемлекет басшысының айтуынша, қордың жұмысы ашық жүргізілмейді, сатып алулар жүйесі тиімсіз. Еңбек жанжалдары басылмайды, шығындары көп. Ауқымды жобалар аяғына дейін жеткізілмейді.

24 қаңтар 2022 ж. 580 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930