» » Мемлекет басшысы: Газды экспорттауға енді жол берілмейді

Мемлекет басшысы: Газды экспорттауға енді жол берілмейді


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының газ саласындағы жұмысын реформалау қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Президент бизнесмендермен кездесуінде үкіметке мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, телекоммуникация нарығы, фармацевтика және басқа да бірқатар салада тәртіп орнату қажеттігін хабарлады. Бұл ретте жаңа өндірістерді ынталандыруда табиғи газбен қамтамасыз ету де ерекше рөл атқарады.

«Самұрық-Қазынаны»  реформалау аясында ішкі нарықты газбен қамтамасыз етуге басымдық берілуге тиіс. Кәсіпкерлер ғана емес, облыс әкімдері де үкіметке, тіпті маған индустриялды жобаларды жүзеге асыру үшін газ бөлу туралы өтініштерін айтып жатыр. Ал газ жоқ. Газды отандық өндірісті іске қосу үшін пайдаланудың орнына экспортқа шығаратын жағдайға енді жол берілмейді», – деді республика президенті.
21 қаңтар 2022 ж. 441 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 703

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930