» » Қасым-Жомарт Тоқаев: Тек мұнай саласына ғана сеніп, өмір сүруге болмайды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Тек мұнай саласына ғана сеніп, өмір сүруге болмайды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының жұртшылық өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.ÒаÑÑм-ÐомаÑÑ Ð¢Ð¾Òаев: Тек мұнай ÑалаÑÑна Òана ÑенÑп, өмÑÑ ÑÒ¯ÑÑге болмайдÑ
Басқосуға облыстық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес секторлар мен бизнес қоғамдастығының, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық зиялы қауым өкілдері және облыс жастары қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге жасаған сапарының маңыздылығын айтып, тарихтың аса жауапты сәттерінде маңғыстаулықтардың ел басшылығына әрдайым қолдау көрсеткенін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен еліміздің қол жеткізген жетістіктеріне арнайы тоқталды.
- Баршаңыз білесіздер, Елбасы тарихи шешім қабылдап, Қазақстан өркендеудің жаңа сатысына қадам басты. Біз Тұңғыш Президент айқындап берген стратегиялық мақсат-міндеттерді жүзеге асыруды одан әрі жалғастыра береміз. Осы жылдар ішінде егемен еліміздің саяси басқару жүйесінде сабақтастық дәстүрді қалыптастырдық. Елімізді одан әрі ілгерілетіп, дамыту - біздің алдымызда тұрған маңызды міндет, - деді Мемлекет басшысы.   Қазақстан Президенті экономика өсімін қамтамасыз етудің, жаңа жұмыс орындарын ашудың, халықтың табысын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартудың маңыздылығын айтты. - Тек мұнай саласына ғана сеніп, өмір сүруге болмайды. Қазіргі заманда бұл тиімсіз. Инвестиция - экономикалық өсім мен өңірдің әл-ауқатын арттырудың негізі. Еркін экономикалық аймағымыз, соның ішінде «Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймағы инвестиция тарту әлеуетіне ие. Сондай-ақ, туризмді дамыту ісі еліміздің перспективасы зор екенін көрсетеді. Бұл салада Маңғыстау облысының бірқатар нақты басымдықтары бар, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  
Кездесу барысында Қазақстан Президенті Үкіметке, министрліктерге, әкімдіктерге, даму институттарына ұлттық экономика өсімін қамтамасыз етуге, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, кадрлар іріктеу жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ қоғаммен тиімді қатынас орнатуға бағытталған бірқатар нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу жөніндегі шешімін қолдағаны үшін кездесуге қатысушыларға алғыс білдіріп, баршасына табыс және амандық тіледі.
12 сәуір 2019 ж. 914 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930