» » Энергетика министрі бекітілген газ бағасын жариялады

Энергетика министрі бекітілген газ бағасын жариялады

Энергетика министрі Болат Ақшолақов бекітілген газ бағасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Бекітілген баға 50-75 теңгені құрайды. Нақты құны өңірге байланысты. Әрине сұйытылған газ өндіретін зауыт орналасқан жерде баға 50 теңгеден аспайды. Одан мың шақырым шалғай жерге де газ жеткізу керек. Сондықтан газ бағасы 75 теңгеге дейін барады», – деп түсіндірді Ақшолақов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде газ жеткілікті. Әкімдіктер газдың көлемі туралы тұрақты түрде хабарлап отырады.

«Біз әрбір әкімдікпен жұмыс істеп жатырмыз. Күнде хабарын алып отырамыз. Егер қандай да бір жағдай болса, сол күні шешуге тырысып отырамыз. Бірақ қазіргі жағдай тұрақты, газ 50-75 теңгеден сатылып жатыр», – деп атап өтті ведомство басшысы.

Осы орайда Ақшолақов митингілер кезінде халыққа автобуспен жүруге кеңес берген экономист Олжас Байділдиновтың министрлікте істемейтінін жеткізді.

«Ол бұрын бізде «Адалдық алаңы» деген жобалық кеңсені басқарған. Қазірге кезде жұмыстан шығып кетті. Адалдық алаңы кеңсесіне басқа адам бекітілді», – деді министр.
03 ақпан 2022 ж. 1 147 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 261

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031