» » Криминалды тұлғалар жастарға көсем болып кетті - Ерлан Қарин

Криминалды тұлғалар жастарға көсем болып кетті - Ерлан Қарин

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин жастардың тәрбиесі жайлы сөз қозғады. Ол бүгінгі күні әлеуметтік желіде ұран салып, адамдарды соңынан ертіп жүрген қылмыстық тұлғалардың "нағыз көсемге" айналып кеткенін ашына айтты. Бұл тақырып айтылып қана қоймай, ендігіде мемлекет тарапынан нақты қадамдар жасалуы керектігін жеткізді. Бұл туралы ол "Қазақстан" Ұлттық арнасына берген сұхбатында айтты. 


"Мына көшедегі кешегі болған жағдайлар бізге үлкен бір ой салуы керек! Қолына қару алып, бір азаматтың екінші азаматқа осылай қару қолдануы қашан болған жағдай?! Бұл радикализмнің себебі неде? Біз осы уақытқа дейін діни радикализм деп келдік, бізде діни радикализм емес, саяси радикализм, саяси экстремизмнің де белгілері пайда болды. Бұған дер кезінде қазір тосқауыл керек. 

Кешегі көшеде жағдайлардың барлығына үстемдік етіп, ұран салып, адамдарды соңынан ертіп отырған криминалды тұлғалар болды. Қай заманнан, қай кезден бастап бізде қоғамда жастарға криминалды тұлғалар көсем болып кетті? Неліктен біздің жастар Instagram мен TikTok-та сол азаматтарды еліктейтін тұлға ретінде көріп отыр?! Рас қой. 

Біз осының барлығын көріп те келдік, айтып та келдік. Бірақ, енді осыны айту, жазу жеткіліксіз шығар. Біздің тарапымыздан белгілі бір қадамдар керек шығар. Біздің жастарымызға мүмкін басқа еліктейтін тұлғалар болуы керек. Біздің осылай теледидар алдында сұхбат құрып отырғанымыз қандай пайда?! Егер де, жастарымыз өздеріне жалған көсемдерді тауып алып, солардың сөздеріне еріп отыратын болса?!, - деп пікір білдірді Ерлан Қарин.

07 ақпан 2022 ж. 185 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930