» » «Самара-Шымкент» автожолына 1110 тонна тұз аралас құм себілді

«Самара-Шымкент» автожолына 1110 тонна тұз аралас құм себілді


Соңғы күндері ауа-райының қолайсыздығынан облыс аумағынан өтетін «Самара-Шымкент» трассасының кейбір аралығында көлік қозғалысы шектелді. Себебі, жаңбыр аралас қардың соңы көктайғаққа ұласып, жолдар уақытша жабылды.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің мәліметінше жылтыраған мұзға айналған автожолдарда 18 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл оқыс оқиғаларда адам өлімі тіркелген жоқ.

Облыстық Полиция департаменті мен «ҚазАвтоЖол» компаниясының қызметкерлері жолдан шығып қалған көлік жүргізушілеріне көмек беріп, діттеген жеріне жетуіне жәрдемдесті.

Ал жол тазалау жұмыстарына аймақтағы «Қазақавтожол» мекемесінің 23 техникасы жұмылдырылды.

«Самара-Шымкент» трассасының қар басып, мұзға айналған қауіпті учаскілеріне бүгінгі таңда 1110 тонна тұз аралас құм себілді. Дегенмен, сала мамандары өңір тұрғындарына әлі де ауа-райының мың құбылуына байланысты ұзақ жолға шыққанда барынша сақ болуға кеңес береді.
08 ақпан 2022 ж. 961 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 778

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031