ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА КӨКТАЙҒАҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛ ЖАБЫЛДЫ
Қызылорда облысында көктайғаққа байланысты жол жабылды, деп хабарлайды «ҚазақАвтоЖол» РМК.
Көктайғаққа байланысты 20 қаңтарда сағат 19:40-та «Қызылорда-Жалағаш-Самара-Шымкент» тас жолының Қызылорда қаласынан Бұқарбай ауылына дейінгі (0-91 шақырым) аралығы жабылды. Сондай-ақ, сағат 22:10-да «Самара-Шымкент» тас жолының Жосалы кентінен Шиелі кентіне дейінгі аралығы (1646-1940 шақырымы) жабылды.