Клиент кредит шартына қол қоймай тұрып нені білуі керек?
Кредит рәсімдеген кезде шартқа қол қоймас бұрын неге мән беру қажет? Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі неге маңызды? Несие төлеудің қандай әдістері бар? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын дерекқорынан таба аласыз.
Шарттың басты беті
Кредит шарты банк пен қарыз алушы арасында жазбаша түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Құжатқа қол қойған сәттен бастап клиент банктің барлық талабымен автоматты түрде келіседі және оған кредиттік міндеттемелер жүктеледі. Сондықтан асығыс шешім қабылдамас үшін «жеті рет өлшеп, бір рет кескен» абзал.
Ең алдымен, кредиттің негізгі шарттары жайлы толық ақпарат алу керек. Несие туралы қажетті ақпарат басты бетте жазылады. Ол міндетті түрде шартқа қоса беріледі. Басты беттің форматы банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін бірдей.
Онда мына мәліметтер көрсетілуге тиіс:
несие сомасы мен мерзімі;
сыйақы ставкасының мөлшері;
жылдық тиімді сыйақы ставкасының мөлшері;
өтеу әдісі және тәсілі;
негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара немесе толық өтеу үшін клиенттің банкке өтініш жазу қажет екені жайлы ақпарат;
шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін айыпақы (айыппұл, өсімпұл) мөлшері;
қарыз алушының банкке кредит төлеуді кешіктіру себептері, кірістері мен басқа да расталған жағдайлары (фактілері) туралы мәліметтер қамтылатын жазбаша өтініш беру құқығы туралы ақпарат.
Шарттың мәтіні басты беттен кейін жазылады.
Жылдық тиімді ставка
Шарттың жалпы талаптарымен танысқан кезде, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесіне баса мән беріңіз. Егер бір нәрсе түсініксіз болса, қол қоймай тұрып менеджерден нақтылаңыз.
Кредиттік ұйым несиенің жылдық тиімді сыйақы ставкасын шартта көрсетуге міндетті.
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – бұл барлық төлемнің жалпы сомасы. Оның ішіне ай сайынғы төлемдер, несиені беру және оған қызмет көрсетумен байланысты өзге де комиссиялар кіреді.
2011 жылдан бері банк кредиттері мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасы 56%-ке тең болды. Бірақ 2021 жылғы наурыздан бастап банк қарыздары бойынша сыйақының шекті мөлшерлемесі сараланды.
Осылайша, жылдық тиімді сыйақы ставкасының шекті мәні:
кепілсіз кредиттер мен микрокредиттер (кепілді және кепілсіз) бойынша 56% деңгейінде сақталды;
кепілді қарыздар бойынша 56%-тен 40%-ке дейін;
ипотека бойынша 56%-тен 25%-ке дейін;
45 күнге және 50 АЕК (153 150 теңге) дейінгі сомаға берілетін кепілді микрокредиттер бойынша 30%-тен 20%-ке дейін төмендеді.
Кредитті өтеудің қолайлы әдісін таңдау
Банк клиентке несиені өтеудің әртүрлі жолын – сараланған, аннуитеттік немесе басқа әдісті ұсынуы мүмкін.
Сараланған әдіс дегеніміз – негізгі борышты тең үлестермен өтеу. Ай сайынғы төлем ай сайын азайып отырады, себебі негізгі қарыз тең үлестермен өтеледі, ал пайыздар қарыз қалдығына есептеледі. Мұндай әдіс кредитті мерзімінен бұрын жабуды жоспарлайтын адамдар үшін тиімді.
Мысалы, сізге 36 айға 1,5 миллион теңге кредит мақұлдады делік. Пайыздық мөлшерлемесі – 29%.
Онда сіз бірінші айда – 77 916,67 теңге, екінші айда – 76 909,72 теңге, үшінші айда 75 902,78 теңге төлейсіз. Сөйтіп әр ай сайын азая береді. Соңғы айда ай сайынғы төлем 42 673 теңгені құрайды.
Аннуитеттік әдіс кезінде бүкіл мерзім бойы ай сайынғы төлем мөлшері өзгермейді. Негізгі борыш бойынша төлемдер көбейе түседі. Ал сыйақы бойынша төлемдер, керісінше, азаяды, өйткені алғашқы айларда төлемнің негізгі сомасы сыйақыны өтеуге кетеді.
Басқа әдіс
Өзге әдіс банктің ішкі қағидаларына сәйкес мынадай болады.
Мәселен, сіз 29%-тік ставкамен бір жыл мерзімге 1 миллион теңге кредит алдыңыз. Банктің келісімімен сіз несиені мерзім соңында сыйақымен бірге 1 290 000 теңге мөлшерінде қайтарасыз.
Тараптардың жауапкершілігі
Шартқа қол қоярдан бұрын тараптардың жауапкершілігіне қатысты ақпаратқа көз жүгірткен абзал. Әсіресе, несие төлеу мерзімін кешіктірген жағдайда қанша комиссия мен айыппұл төлейтініңізді күні бұрын біліп жүріңіз.
Әдетте, банкке клиентіне хабар берместен, кредитке қызмет көрсету комиссиялары мен өзге де төлемдердің мөлшерін өсіруге тыйым салынады.
Сондай-ақ банктер бекітілген шарт аясында комиссиялар мен өзге де төлемдердің жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізе алмайды, кей жағдайда несиені мерзімінен бұрын өтегені үшін тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл өндіріп алуға да тыйым салынады.
Егер негізгі борышты немесе сыйақыны өтеу күні демалыс не мереке күніне тұспа-тұс келіп, олар одан кейінгі жұмыс күні төленсе, кредиттік ұйымдардың айыпақы немесе айыппұл өндіріп алуға құқығы жоқ.
Алайда кейде кредиттік ұйымдар клиентке ескертпей, шартты біржақты тәртіппен өзгерте алады. Бірақ тек несие шарттарын жақсарту жағына қарай. Ал басқа жағдайларда оларға шартқа біржақты тәртіппен өзгерістер енгізуге тыйым салынады.
Шарт талаптарын жақсартуға не жатады:
1.несиеге қызмет көрсетумен байланысты комиссиялар мен өзге төлемдерді азайту немесе толығымен алып тастау;
2.айыпақыны (айыппұл, өсімпұл) төмендету немесе толық жою;
3.шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту;
4.кредиттік шарт бойынша төлемдерді кейінге қалдыру және (немесе) бөліп төлеу;
5.шетел валютасындағы қарызды теңгеге ауыстырғанда шетел валютасымен берілген ипотекалық қарыз бойынша ақшалай міндеттемені азайту.
Ал микрокредит туралы шарт талаптарын жақсартуға мыналар кіреді:
1.айыпақыны (айыппұл, өсімпұл) азайту немесе алып тастау;
2.микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы ставкасын төмендету.
Бұл ретте банктер мен микроқаржы ұйымдары клиентке шарт талаптарына енгізілетін оң өзгерістер жайлы хабарлауға міндетті. Клиент хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде банкке барып, одан бас тарта алады. Бас тарту тәртібі де шартта жазылуға тиіс.
Кредит төленбесе не істеу керек
Қазақстанда 2021 жылғы 1 қазаннан бастап несие алған жеке тұлғалардың проблемалық берешегін реттеудің бірыңғай құқықтық режимі қолданылады. Егер клиент кредитін төлеуді кешіктірсе, онда кредиторлар 20 күн ішінде оған хабар беруге міндетті.
Егер қаржылық қиындыққа тап болып, ай сайынғы несие бойынша берешек пайда болса, онда банктен жасырынып, сіз жайлы ұмытып кетеді деп жүре беруге болмайды. Дұрысы, кредит мерзімі өткен күннен бастап 30 күн ішінде несиені қайта құрылымдау үшін банкке жазбаша өтініш жазу қажет.
Өтініште несие төлеу мерзімін неге кешіктіргеніңізді түсіндіріп, қаржылық қиындықтарды растайтын құжаттарды қоса ұсынған жөн.
Бұдан бөлек, борышыңызды өтеуге қатысты өз ұсыныстарыңызды жазуға болады. Мәселен, сыйақы мөлшерлемесін азайту, төлемді кейінге қалдыру, шарттың қолданылу мерзімін, өтеу әдісін өзгерту, мерзімі өткен негізгі борышты немесе сыйақыны кешіру, айыппұлдар мен өсімпұлдарды жою, өзіңіздің қаржылық жағдайыңызды ескеріп, жаңа төлем кестесін жасау немесе кепіл мүлкін өзіңіз сатуды ұсынуға болады.
Егер банк немесе микроқаржы ұйымы мұның ешқайсысына келіспесе, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен көмек сұрай аласыз. Бірақ міндетті түрде кредиттік ұйымға өтініш жазғаныңызды, өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмегенін растайтын дәлелдер қажет. Сол себепті банкке жазған барлық өтінішіңізді сақтап, кредитор берген жазбаша жауапты жоғалтпаңыз.
Бұған қоса, борышкерге банк омбудсмені де жәрдемдесе алады. Ол қарыз алушы мен банк арасындағы келіспеушіліктердің жойылуына ықпал етеді.
Айта кетері, Қазақстанда банк омбудсмені институты 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Қызмет көрсету – тегін.