Барымташы білгенін жасамас үшін...
Мемлекетте жеке меншік пен мемлекеттік меншік тең дәрежеде танылады және қорғалады. Жеке меншік құқығы заңмен қорғалады. Әркімнің меншігіндегі мүлікті иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне құқығы бар. Меншікке қарсы қылмыстар деп иелік ету құқығын бұзумен, меншік иесіне басқа да тәсілдермен, мүліктік зиян келтірумен немесе осындай зиян тигізуге қауіп-қатер жасаумен байланысты әрекетті айтады.
Пәтер ұрлығына келетін болсақ, үй иелері діни әдебиет немесе қандай да бір тауар сатушы ретінде келгендерден өте сақ болғаны жөн. Өйткені, олар үй иесінің көңілін аулай алмаса да, пәтердің жай-күйін бақылап, есікке қандай кілт түсетінін, үйде қандай бағалы бұйымдар бар екенін анықтайды. Сондықтан бір адамның үйге қайта-қайта келіп, қоңырау шалуының арты үлкен өкінішке ұрындыруы мүмкін. Себебі, қылмыскерлерге жиі қоңырау шалу ауадай қажет. Осы арқылы олар тұрғындардың қайсысы қай уақытта үйлерінде болмайтынын анықтайды. Егер пәтер есігін осы «өкілдердің» бірі жиі қақса, онда үй иесі дереу ішкі істер органына хабарласып, шынында, осы мекен-жайға өз қызметкерлерін жібергендігі жайлы ақпарат алғаны жөн. Бүгінде тонаушылардың пәтерге ену тәсілдері жыл санап заманауи сипат алып барады. Бір кездері терезе немесе балкон арқылы, кейде тіпті есікті бұзып кіріп жүрген ұрылар қазір құлыпқа сәйкес кілт тауып, ішке енуді әдетке айналдырған.
Айыпты адам жасырын түрде заңсыз және қайтарымсыз бөтеннің мүлкін алатынын біледі. Өз әрекетінің нәтижесінде меншік иесіне немесе өзге иеленушіге материалдық залал келтіретінін болжайды және алған тәсілмен осындай зиян келтіруді қалайды. Ол пайдакүнемдік мақсатты басшылыққа алады және заңсыз олжаға бату мақсатын көздейді. Ұрлық азаматтардың жеке мүлкін тартып алу мақсатында және арнайы дайындықсыз жасалады.
Мал ұрлығы қылмыстарының жаз, күз айларында малдардың далада жайылатын уақыттарында белең алатыны ауыл тұрғындарының алаңдаушылығын арттырумен қоса, тәртіп сақшыларының жұмысына жауапкершілікті арттырады. Жұрттан өз меншігіндегі малдарын қараусыз қалдырмау, күтуге қосу, мал бағушылармен келісім-шартқа отыру жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кейбір мал иелері өз малдарының қай жерде жүргенінен бейхабар бола отырып, «малым қолды болды» деп ішкі істер бөліміне арызданып келеді.
Мал ұрлығымен күресуде жалғыз құқық қорғау органдарының жұмысы жеткіліксіз, ол – баршамызға ортақ мәселе. Қараусыз қалған мал барымташылардың оңай олжасы болып табылатынын халық әлі түсінбей келеді. Біреулер малдарын кезекке қоспай, бос жібереді. Енді біреулер малдарын ешбір қолхатсыз, келісім-шартсыз малшыларға сеніп тапсырады. Соның салдарынан бірінің малы далада арам өлсе, енді бірі қасқырға жем болады немесе қолды болады. Ал кейбірі, тіпті малының жоғалғанынан да бейхабар. Малын бірнеше күн немесе бірнеше айдан соң іздеп, ішкі істер бөліміне арызданады. Бұл іздеу жұмыстарына кедергі келтірері сөзсіз.
ҚР ІІМ-ның бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бағытында, аудан көлемінде елді мекендерде ірі қара малдарды падамен бағып ұйымдастырса, бұл мал ұрлығының алдын алуға оң әсерін тигізер еді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші мал амандығын ойлайтын болсақ, бірлесіп жұмыс атқаруымыз қажет. Сонда ғана барымтаға байлам жасап, тұсау саламыз. Малыңыз барымташының қанжығасында кетпесін десеңіз, малыңызды таңбалап, бақташымен келісім-шарт жасасып, төрт түлігіңізді қараусыз қалдырмаңыз.
М.ТОҒЫЗБАЕВ,
Жалағаш АІІб-нің Жергілікті
полиция қызметінің инспекторы,
полиция капитаны.