ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛАДЫ
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің облыс бойынша департаментінің ұйымдастыруымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнінде семинар-кеңес өтті.
Жиынға аудандық бөлім басшылары мен мекеме қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, ауыл әкімдері және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Алтынбек Дәрібаев ашып, тұтынушы құқығы бұзылған жағдайда мәселе өзара шешімін таппаса, заңмен реттелетінін айтты.
Тұтынушылар құқығы көп жағдайда заңды білмегендіктен тапталып жатады. Елімізде тұтынушылар құқығын қорғайтын заң да, арнайы ұйымдар да бар. Мәселен, қазір нарықта тауардың түрі көп. Сатып алған бұйымдардың барлығы бірдей сапалы бола бермейді. Мұндай жағдайда не істеу керектігі жөнінде мамандар кеңес берді. Олардың сөзінше, заң бойынша тауардың сапасына көңілі толмаған тұтынушы оны кері тапсырып, ақшасын қайтып алуына толық құқығы бар. Ол үшін затты сол жерден сатып алғаныңды растайтын құжат, яғни фискалды түбіртек, тауар түбіртегі болуы керек. Егер түбіртек бермейтін базар болса, бұндай кезде камера немесе қасыңызда затты сатып алғаныңызды растайтын адам болу керек екен.
– Тұтынушылар құқығын қорғау бөлімінің міндеті – тауарды сатып алу кезінде құқығы бұзылған тұрғындарға кеңес беру, заң бойынша құқығын қалай қорғау керектігін түсіндіру, бағыт көрсету. Сауда орнынан сатып алған зат сапасыз болып шықса, тұтынушы бірден жауапты органға хабарласқаны жөн. Бұл үшін арнайы департамент базасында (87242) 26-22-61 нөмірі бойынша «Қауырт желі» де жұмыс жасайды. Енді, құқығыңыз бұзылса қоңырау шалып, толғандырған сауалдарға жауап алуға болады, – дейді мамандар.
Облыс бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Ерқасым Сүлейменовтің айтуынша, өткен жылы тұтынушылардан жалпы – 187 арыз -шағым түскен. Оның ішінде салалар бойынша 102-сі бөлшек сауда қызметіне қатысты. Өтініштердің мазмұны – сатып алынған тауарлардың сапасыздығына, тауарды айырбастау немесе қайтаруға, түбіртектің берілмеуіне, тапсырыстың уақытылы орындалмауына, келтірілген залалды өтеуге және тағы басқа да осындай мәселелерге қатысты.
Жалпы, тұтынушы өз құқын білуі керек. Егер кәсіпкер тарапынан заң бұзушылық орын алса, наразылық парағын толтырып, ескертуі тиіс. Кәсіпкер де өзінің ісіне теріс көзқарас туғанын қаламайтыны белгілі. Сондықтан, мәселені шешуге тырысып, сатып алушының талғамына сай жұмыс жасауға талпынады.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ.