Қызылорда облысында қонуға бет алған ұшақ отқа оранды
Бұл жөнінде хабарлама облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сағат 12.10-де түскен. Арал қаласына 10 шақырым қалғанда қонуға бет алған ұшақтан өрт шықты. Аталған ұшақ TJA5217 санитарлық бағыты бойынша жұмыс істеген. «Тікұшақта 2 экипаж мүшесі мен 1 дәрігер болған. Экипаж «Санавиация» мекемесінің тапсырмасы бойынша шыққан. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Адамдары аман», - деп мәлім етті
Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен. Ведомство мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндірушілер аттанып кетті.