» » Қызылордада 20 тонна жіп тиген жүк көлігі өртенді

Қызылордада 20 тонна жіп тиген жүк көлігі өртенді


Қызылорда облысында Ресейге бет алған 20 тонна орама жіп тиелген жүк көлігі өртенді. Бұл туралы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі хабарлады.

Оқыс оқиға 30 маусымда «Шымкент-Самара» тас жолының Жаңақорған ауданы аумағында болған. Тәжікстаннан Ресейге бет алған жүк көлігі ортқа оранған.

«Бұл жайындағы хабарлама сағат 5.33-те аудандық №14 өрт сөндіру бөлімінің бекетіне келіп түсті. Оқиға Жаңақорған ауданының орталығына 45 шақырым қалған аумақта болған. Тәжікстаннан Ресейге бет алған көлік тіркемесінде 20 тонна орама жіп тиелген. Өрт сөндірушілер күшімен көліктің кабинасы толықтай сақталып қалды. Өрт 07.22-де толығымен сөндірілді. Оқиғаның себебі анықталуда», – делінген хабарламада.
01 шілде 2021 ж. 802 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930