» » Төсекте ұзақ жатудың зияны қандай?

Төсекте ұзақ жатудың зияны қандай?

Кейде адамның ұйқыдан оянып, не ұйықтай алмай ұзақ жатып қалуы мүмкін. Кейбіріміз тіпті күні бойы төсекте жатуды әдетке айналдырғанбыз. Төсекте жатып ас ішіп, фильм көруді, кітап оқуды жөн көреміз дегендей. Алайда төсекте ұзыннан ұзақ сұлап жатудың зиян екенін білесіз бе?  

70 күндік зерттеу

2014 жылы NASA ұйымы ғарышта ұзақ болған адамның сүйегі мен бұлшықеті қалай зиян шегетінін білу үшін зерттеу жүргізген екен. Оған Дрю Иваницкий есімді ерікті азамат қатысқан. Тәжірибенің шарты бойынша, қатысуға ерік білдірген азамат 70 күн бойы төсектен тұрмай жатуы тиіс еді. Тек тамақ ішу үшін шынтақтап тұрғаны болмаса, басқа қимыл көрсетпеген.

Тәжірибеге қатысқаны үшін азаматқа 18 мың доллар жалақы төлеген. Алайда бұл жай жатудың өзі денсаулыққа сонша зиян тигізетінін азаматтың өзі білмесе керек. Былайша айтқанда, жатып-ақ ақша табамын деп ойлаған сыңайлы. Төсектен тұрған сәтте 15 минут бойы есін жинай алмаған. Өне бойы терлеп, денесі дуылдап қышып, жүрек соғысы минутына 150-ке бір-ақ жеткен.

Бұдан ұзақ уақыт төсеке бұйғы жатудың зиян екенін айтпаса түсінікті. Алайда аз жатудың өзі қаншалықты зиян, енді соған тоқталайық.

Ал жату да зиян ба?

Төсекте ұзақ жату, күні бойы жату адамның физикалық та, эмоционалды да хал-жағдайына кері әсер етеді екен.

Біріншіден, ұзақ жату денені ұйытып тастайды.  Содан қан айналымы бұзылады. Адам түнде ұйықтағанда, ары-бері қозғалып, жатысын ауыстырып ұйықтайды. Бұл адамның табиғи реакциясы. Өйткені қан айналымы дұрыс жүруі тиіс. Ал қозғалыссыз жата берген адамның қан айналымы бұзылады да, қан бармаған тері бөлігі ақырыңдап "өле бастайды". Жан сезбей қалады.

Екіншіден, ұзақ жату бел ауруына әкеледі. 2004 жылғы зерттеуде белі ауырып дәрігерге қаралған жандарға төсекте жатуға кеңес берілген екен. Алайда сол науқастардың кейін 32 пайызы қайтадан дәрігерге жүгініп, бел ауруы созылмалы стадияға өтіп кеткенін айтқан.

Сондықтан дәрігерлер белі ауырған адамның төсекте жатқаны дұрыс, бірақ ұзақ жатуына болмайды деген ойға келген.

Үшіншіден, ұзақ жатқан адамның балдыр мен жамбас жағындағы вена тамырлары үзіліп, тромбылар түзілуі мүмкін. Ондай тромбылар қанға өтіп, өкпеге түсіп кетуі мүмкін.

Төртіншіден, ұзақ жатқан адам психологиялық күйзеліске бейім келеді. Бұл өз кезегінде депрессия мен невроздың пайда болуына әкеледі.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz
24 наурыз 2022 ж. 254 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930