» » МОБИЛЬДІ ТОП ӨКІЛДЕРІ АЛАМЕСЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

МОБИЛЬДІ ТОП ӨКІЛДЕРІ АЛАМЕСЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Партия жұмысын жан-жақты жаңғырту жұмыстары халықпен кері байланыс жасаудың тиімді құралы қоғамдық қабылдау бөлмелері қызметін де қамтып отыр. Қоғамдық қабылдау бөлмелері тек шағымдармен ғана емес, елді дамыту бойынша нақты идеялармен келетін азаматтар үшін өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салатын орынға айналуы тиіс және көшпелі қабылдауды жиі өткізіп, шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесу керек деп кезектен тыс ХХІІ съезде партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен болатын.

Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының мобильді көшпелі қабылдау топтары Жалағаш ауданында болып, тұрғындардың ұсыныс пікірлерін тыңдады.
Ұйымдастырылған мобильді топ мүшелерінің қабылдауына 50-ге жуық азамат келіп өтініш білдірді. Себебі ауыл тұрғындары аудан, қала орталықтарына келе бермейтіндіктен осы мүмкіндікті пайдалануда. Мобильді топтар құрудағы мақсат олардың келуін күтіп отырмай оларға арнайы өзіміз келіп, ұсыныс – пікірлерін тыңдау. Бұл жұмыстар азаматтардың мәселелерін шешумен қатар, ауылдарда шоғырланған проблемаларды назарға алып, жүйелі шешімдер қабылдау үшін мүмкіндік береді», - деп атап өтті республикалық мобильді топ құрамының мүшесі, республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Азамат Біржанов.

Қабылдауға алғашқылардың бірі болып келген ауыл тұрғыны, Гүлсім Жаханова ауыл көшелерін жарықтандыру қажеттілігін алға тартты. Зейнеткердің айтуынша ауылда 13 көшенің 3 көшесінен басқаларына көше жарығы жүргізілмеген.

«Түнгі мезгілде бір жерге барсаң тас қараңғыда жолыңды көрмейсің. Жауын болған күндері тіпті қиыні»,- дейді Гүлсім Жаханова.
Өз кезегінде мобильді қоғамдық қабылдаудың құрамына кірген Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шәменов бұл мәселе төңірігінде жұмыстар жасалып жатқанын атап өтті.
-«Есет батыр елді мекенінде аудандық бюджеттен қаражаты есебінен 1,0 млн теңгеге Көкпая көшесі жарықтандырылып, 1,4 млн теңгеге Ақарық көшесінің шамдары жаңартылды. Көтерілген мәселе шешілмей қалмайды. Алдағы уақытта «Қара бура» ЖШС-гі демеушілігімен Ақарық көшесіне 25 баған, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Әбішов көшесіне 20 баған қойылып, жарық шамдары орнатылады»,- дейді Асылбек Шәменов.

Мұнан бөлек қабылдау барысында ауыл тұрғындары тарапынан ішкі көшелерді жөндеу, ауыз су, аяқ су, жайылымдық жер, егістік жерлерде ротацияның сақталуын қатаң бақылауға алу мәселелері көтерілді. Әрбір өтініш бойынша жауапты тұлғалар мен орындау мерзімдері белгіленеді.
Көшпелі қабылдау барысында мобильді топ өкілдері І топ көз мүгедегі Жартай Ешмахановтың үйіне соқты. Қос жанарынан айырылып, қабылдауға келе алмаған ауыл тұрғыны өтінішін жерде қалдырмай іздеп келген аманаттықтарға өз ризашылығын білдірді.

-«Ауылға келіп, ауыл азаматтарының жағдайымен танысып жатқан «AMANAT» партиясының өкілдеріне ризашылығым шексіз. Мұндай көшпелі қабылдаулар біз секілді үйден шыға алмайтын азаматтар үшін көкейіндегі мәселесін жеткізуге үлкен мүмкіндік. Менің «AMANAT» партиясына алғыстан басқа айтарым жоқ. Қызыма жұмыс іздеп көмек сұрадым, жұмысқа орналасуына ықпал етті. Түрлі әлеуметтік көмектер көрсетіп жатыр. Бұл партияның барлығын игілігін көріп отырмыз. Біздерді мүгедек деп назардан тыс қалдырып жатқан жоқ. Еңбектерінің жемісін көрсін».
Біздің облыстағы алғашқы қабылдаулар республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі басшылығының, облыстық, аудандық маслихаттардағы фракция мүшелері мен партия белсенділерінің, облыстық Саяси кеңес мүшелері мен облыстық басқарма басшыларының қатысуымен ұйымдастырылып отыр.

Ахан Кенжебаев


28 наурыз 2022 ж. 612 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930