» » Мешітте намаз оқу кезінде маска тағу міндетті емес

Мешітте намаз оқу кезінде маска тағу міндетті емес

Қазақстанда ораза кезінде жамағатпен намаз оқуда маска тағып, арақашықтықты сақтау міндетті емес.

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар мәлімдеді. 

«Өздеріңіз білетіндей, мамандардың айтуынша соңғы уақытта елдегі эпиджағдай тұрақталып, карантин талаптары шетінен алынып жатыр. Осыған орай жамағатпен оқитын намаз кезінде маска тағу әркімнің өз еркінде. Сонымен қатар намаз оқу кезінде арақашықтықты сақтау да міндетті емес. Яғни қалыпты жағдайда өтеді деп жоспарлап отырмыз», – деді наиб мүфти Ершат қажы Оңғар Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биылғы Оразада 5 уақыт намаз ел мешіттерінде қалыпты жағдайда оқылады.

«Бүгінде барлық мешіттердің есігі ашық. Кез келген уақытта барып, ниет етіп, құлшылық жасауға болады. Сонымен қатар Ораза кезінде қайырымдылық жасап, садақа беру маңызды. Осы орайда садақа берудің бірнеше тәсілі бар. Атап айтқанда, мешіттердің жанында арнайы терминалдар қойылған. Одан бөлек, мобильді телефондағы түрлі қосымшалар арқылы да садақа ету мүмкіндігі бар», – дейді ол.

Бұған дейін басқарма төрағасының орынбасары Ораза ұстаған адам вакцина алуға бола ма деген сауалға жауап берді. Айта кетейік, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады.
29 наурыз 2022 ж. 700 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 824

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031