ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ 16 СЕССИЯСЫ

Мен осы мәдениет саласында жұмыс жасап жатқаныма 24 жыл болды. Аталған уақыттан бері мәдениет саласының жылдан-жылға дамып келе жатқанын көріп келемін. Дегенменде саланың дамуы ол еліміздің дамуы. Өркениетті ел өз тарихымен, өз мәдениетімен, өз өнерімен бағаланады. Ауданымыз бойынша сын көтермейтін мәдениет ошақтары бар. Мен өз кегезімде аталған саланы дамыту мақсатында депутаттық сауалымды жолдадым. Халықтың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында түрлі мәдени шаралар өткізіліп келеді. Жыл көлемінде 35-40 аралығында іс-шара ұйымдастырылып, аталған шараларды өткізу үшін бөлінетін қаржы көлемі мардымсыз. Осы тұрғыда қаржы көлемін ұлғайтуды ұсындым.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осы орайда, аудан орталығынан балаларға арнап өз алдына балалар кітапханасын салуды жоспарлап, «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасына қосуды ұсындым.
Жалағаш аудандық мәслихаттағы депутат әріптестерімде өз ұсыныстарын жеткізіп, материалдық-техникалық базаны нығайтуды, әуез мектебін ашуды, ауылдық клуб құрылыстары сынды ұсыныстарды жеткізді,.
Аудан әкімі Асылбек Өмірбекұлы депутаттар тарапынан түскен сауалдар мен ұсыныстар төңірегінде тиісті тапсырмалар беретінін және кезең-кезеңімен іске асырылуына атсалысуға шақырды.
АЙТЖАНОВА ГҮЛЖАЙНА,
Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі,
аудандық мәслихат депутаты