» » Ауа райы: Алдағы үш күн жылы болады

Ауа райы: Алдағы үш күн жылы болады

Синоптиктер 5-7 сәуір аралығындағы ауа райы болжамын хабарлады.

Болжамға сәйкес, бұл күндері солтүстік, батыс, шығыс өңірлер Солтүстік-Батыс циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер ықпалында болады. Соған байланысты бұл аймақтарда жауын-шашын жауады, жел күшейеді. Түнгі уақытта көктайғақ болуы мүмкін.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде күн жылы болады. Алайда таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Күндіз бұл аймақтарда термометр бағаны +20…+28C дейін жетеді.

Алматыда 5 сәуір күні күн бұлтты болады, түнде ауа температурасы +14C, күндіз +24C көрсетеді. 6-7 сәуірде күн ашық, түнде +16…+18C, күндіз +26…+27C болады.
04 сәуір 2022 ж. 183 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 026

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30