Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Алдағы үш күнде елдің батысы мен солтүстігінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.Скандинав аудандарынан келетін циклон, республиканың батыс және солтүстік өңірлеріне ауысады. Ал оңтүстік және орталық аудандар оңтүстік циклон ықпалында қалады. Ол жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын алып келеді.
Елдің солтүстігі мен батысында оған қоса боран, оңтүстігінде жаңбыр, ал таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады.
28 наурызда елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашын жаумайды. Республика бойынша жел күшейеді.
Солтүстікте: түнгі температура 5…15 аязға дейін, күндіз 5 градус аяз…3 градус жылыға дейін болады.
Оңтүстікте: түнде 6 градус аяз…5 градус жылы аралығында, күндіз 12…17-ден плюс 5…10 дейін төмендейді.
Батыста: түнде 5 аяз…5 жылы, күндіз термометр бағаны 0…10 градус жылыны көрсетеді.







