» » Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?



«Қазгидромет» РМК синоптиктері 27-29 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктер болжамы бойынша, қар жауғаннан кейін Қазақстанға Солтүстік-Батыс антициклоны ығысады, оның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы және республиканың солтүстігінде ауа температурасы төмендейді деп күтіледі. Бірақ елдің батыс өңірлеріне Ресейдің Еуропалық аумағының аудандарынан келетін жылы фронт әсер етеді. Осыған байланысты бұл өңірлерде күндізгі уақытта ауа температурасы жоғары болады деп болжанады.

«Еліміздің солтүстік аймақтарында ауа температурасы түнде 10-18, күндіз 7-15 градус аязға дейін төмендейді, еліміздің батысында күндіз термометр 0-5 градус жылыға дейін, ал оңтүстік-батыста 12 градусқа дейін, шығыста ауа температурасы түнде 15-23-тен 8-16 градус, күндіз 0-10 градус аяз, республиканың оңтүстігінде 0-10 аяздан 0-5 жылыға дейін, күндіз 0-10 градустан 3-15 градусқа дейін көтеріледі, ал елдің оңтүстік-шығысында 7-18-ден 0-10-ға дейін аяз, күндіз 3-11-ден 3 градусқа дейін аяз, 7 градус жылы болады», делінген хабарламада.
26 қараша 2021 ж. 432 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 439

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930