» » "11 градусқа дейін суық": Сәуірде ел тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұр?

"11 градусқа дейін суық": Сәуірде ел тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұр?


"Қазгидромет" РМК мамандары сәуір айына арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Сәуірде ауа температурасы еліміздің солтүстігінде климат нормасы шегінде, ал оңтүстікте 1 градустан жоғары шамада болады. Синоптиктердің болжамынша, бірінші және екінші онкүндікте Скандинавия аймағынан еліміздің солтүстік-батысына және Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстігінен еліміздің батысына ауа массалары ауысып келеді. Соның салдарынан суытудың екінші толқыны болжанады.
Ауа температурасы бірінші онкүндіктің ортасында және екінші онкүндіктің бірінші жартысында төмендейді, ол уақытта температура еліміздің солтүстік және солтүстік-батысында түнде -3... -8 градусқа төмендесе, кей жерлерде -11 градусқа дейін жетеді.
Күндіз ауа температурасы 0...-5 градус, кей жерлерде +8 градус жылы болады. Оңтүстікте түнде 0... -5 градус, кей жерлерде 0 градус шамасында болмақ. Күндіз +10... +15 градусқа, кей жерлерде +20 градусқа дейін көтеріледі. Батыста бірінші және екінші онкүндікте күн суық болады деп күтілуде. Түнде температура 0 +5 градусты көрсетсе, күндіз +5 +10 градусқа дейін көтеріледі.
Орталық және шығыс аймақтарда суық күндер бірінші онкүндіктің соңына және екінші онкүндіктің ортасына қарай ауысады. Ауа температурасы түнде -3...-8, кей жерлерде 11 градус аязға дейін төмендесе, күндіз +5...+10 градус ейін төмендейді. Ауа температурасының төмендеуі мен жоғарылауы ауысып отырады.
Бірінші және үшінші онкүндіктің басында жекелеген күндері ауа температурасы солтүстікте, орталықта және шығыста +8... +13 градус, кей жерлерде 18 градус жылыға дейін көтеріледі. Еліміздің оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінде +20... +25, кей жерлерде 15 градус жылы болады. Үшінші онкүндіктің басында күн 30 градусқа дейін жылиды.
"Сәуірде еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық, оңтүстік-батыста және орталықтың кей жерлерінде нормадан төмен. Республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында нормадан жоғары болады", – дейді синоптиктер.
03 сәуір 2019 ж. 801 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930