» » Көктемнің алғашқы күндері ауа райы қандай болады?

Көктемнің алғашқы күндері ауа райы қандай болады?

ÐÓйÑеÑек

Қазгидромет 28 ақпан – 2 наурыз аралығына ауа райы болжамын ұсынды
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде көктемдегідей құбылмалы ауа райы болады, деп хабарлады "Қазгидромет" метеоқызметі.

"Республиканың солтүстік бөлігінде кей жерде қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік бөлігінде – жауын-шашын, қар аралас жаңбыр, тұман, көктайғақ. Күндіз ауа температурасы плюс бес пен +18 градус арасында құбылады. Жалпы еліміздің бүкіл аумағында ауа температурасы  климаттық мәннен жоғары болады", - деп хабарлады "Қазгидромет" синоптигі.
Астана қаласында 28 ақпанда ауа райы көшпелі бұлтты, оқтын-оқтын қар жауып, жаяу бұрқасын болады, солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 9-14 м/с болады, түнде ауа температурасы минус 11-13 градус, күндіз 3-5 градус аяз. 1 наурызда елордамызда ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 5-10 м/с, түнде ауа температурасы 10-12 градус аяз, күндіз минус 5-7 градус. 2 наурызда бас қаламыз Астанада ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 5-10 м/с, түнде – 13-15 градус аяз, күндіз – минус 2-4 градус.

Алматы қаласында 28 ақпанда ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің екпіні – 0-5 м/с, ауа температурасы түнде -1 және +1 градус, ал күндіз 10-12 градус жылы болады. Наурыздың 1-інде оңтүстік астанамызда ауа температурасы түнде 6 градус жылы болса, күндіз +9 градусқа дейін жылынады. 2 наурызда ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің екпіні – 0-5 м/с, ауа температурасы күндіз 2-4 градус нөлден жоғары, күндіз 12-14 градус жылы.
Шымкент қаласында 28 ақпанда ауа райы көшпелі бұлтты, түстен кейін жаңбыр жауады, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 8-13 м/с, түстен кейін ұйытқуы 15-20 м/с, түнде ауа температурасы 2-4 градус жылы болса, күндіз 13-15 градусқа дейін жылынады. 1 наурызда ауа райы көшпелі бұлтты, оқтын-оқтын жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с, түнде ауа температурасы 3-5 градус нөлден жоғары, күндіз 15 градус жылы. 2 наурызда көшпелі бұлтты, оқтын-оқтын жаңбыр жауады оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с, түнде ауа температурасы 2-4 градус жылы, күндіз плюс 12-14 градусқа дейін көтеріледі.

sputniknews.kz
28 ақпан 2019 ж. 758 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930