» » Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері жауын-шашын түскеніне қарамастан ауа райы жылы болған. Ауаның температурасы оңтүстік-шығыста 3-8 градус жылы болса, шығыста ең жоғары температура 14 градусқа жетті, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алайда циклон мен онымен бірге Ресейдің орталық аудандарынан Қазақстанның солтүстік облыстарына атмосфералық ағындардың  келуі бұл өңірде жауын-шашынның түсуіне ықпал етті. Республика аумағымен шығыс бағытқа жылжыған салқын ағындар өзімен бірге қар, бұрқасын, көктайғақ әкеліп, батыс және солтүстік-батыстан қатты желдің соғуына ықпал етеді. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-батысында жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. 31 қазан мен 1 қараша аралығында тау етегінде жауын-шашын түсіп, Қазақстанның бүкіл аумағында күн қатты суытады. 

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/sinoptikter-aldagy-kunderge-aua-rayy-bolzhamyn-zhariyalady_a3439733
29 қазан 2018 ж. 903 0