» » ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢБЫР ЖАУЫП, ТЕМПЕРАТУРА ТӨМЕНДЕЙДІ

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢБЫР ЖАУЫП, ТЕМПЕРАТУРА ТӨМЕНДЕЙДІ




Синоптиктер 13-15 қазан күндеріне Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның барлық аумағында қазанның басында ауа температурасы климаттық нормадан 2...5°С жоғары болды. Бірақ оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысатын тропосфералық ауа ағындары республикаға Қара теңізден жылы, ал Баранцева және Карск теңізінен суық және дымқыл ауа массаларын әкеледі», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Сондықтан демалыс күндері жауын-шашын болып, күшті жел соғады. Ауа температурасы республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарында төмендеп, таулы аймақтарда жаңбыр жауып, жел соғады және қар аралас жаңбыр жауады . Солтүстік облыстарда көктайғақ болуы мүмкін.


https://syr-media.kz


14 қазан 2018 ж. 1 920 0