» » Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр жауып, күн салқындайды

Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр жауып, күн салқындайды


Синоптиктер 21-23 шілде күндерінің ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
 «Қазақстанның солтүстік-шығыс және шығыс облыстарына жоғарғы циклон жылжып, осы аймақтарда жексенбі және дүйсенбі күндері жаңбыр жауып, кей жерлерге бұршақ түседі. Күшті жел соғып, ауа температурасы төмендейді», - делінген хабарламада. Осы циклон республиканың солтүстік, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарындағы ауа райына ықпал етеді.
«Мұнда кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ түседі. Өткінші жаңбыр жауып, жылдамдығы 15...23 м/с болатын жел соғуы мүмкін. Ауа температурасы солтүстікте және орталықта әдеттегіден 2...3 градусқа төмен болады. Сондай-ақ, республиканың оңтүстік-шығыс және батыс бөлігінде аптап ыстық басылады», - делінген хабарламада.
20 шілде 2018 ж. 916 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 926

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31