» » Елімізде алдағы күндері аяз күшейеді

Елімізде алдағы күндері аяз күшейеді


Синоптиктер 23-25 қаңтар арналған ауа райы болжамын жария етті деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған 
NUR.KZ.
"Қара теңіз арқылы қалыптасқан үлкен және өте суық антициклон Қазақстанның оңтүстік-шығыс бағытына көшуді жалғастыруда. Бұл антициклоннан туындаған арктикалық суықтық республиканың солтүстік және шығыс аймақтарының тұрғындарына сезілді.Келесі үш тәулікте орталық, оңтүстік-шығыс және оңтүстік аймақтарда аяз күшейеді. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнгі температура 40-45 градусқа, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 28-33 градусқа дейін төмендейді, бұл климаттық нормадан қарағанда 10-18 градусқа суық болатынын білдіреді", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, синоптиктердің қатты аязға байланысты дауыл ескертуі Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында 26 қаңтарға дейін сақталады.
23 қаңтар 2018 ж. 1 309 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 926

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31