» » Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы



Синоптиктер 8 - 10 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, антициклондардың әсерінен еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде жылы ауа райы сақталады және жауын-шашын болмайды.

"Еліміздің қалған өңірлеріне салқын атмосфералық фронттар әсер етіп, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда алдағы үш тәулікте ауа райы салқындайды. Жауын-шашын жауып, ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градусқа төмен болады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін синоптиктер Қостанай өңірінде күн күрт суытатыны туралы хабарлаған болатын.

Baq.kz

07 қыркүйек 2018 ж. 702 0