ҚЫРАҒЫ САРБАЗ
Ер азамат Отан алдындағы борышын абыроймен өтеуді басты мақсат санайды. Тәуелсіз мемлекеттің төл перзенті болғандықтан бұлай болуы да заңдылық. Бұл әскер қатарында азаматтық борышын өтеп жүрген Жақсылық Марғұланұлының сұқбат барысында бізге айтқан сөзі болатын. иә, мұны екеуара әңгімеде өрбіген жай сөз деуге келмес. Бұл жалынды жас, қырағы сарбаздың отанына деген патриоттық көзқарасы.
Қызылорда облысынан әскер қатарына шақырылған сарбаз Жақсылық Марғұланұлы ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметінің «Айбын» Президенттік полкі» 0112 әскери бөлімінде жауынгерлік міндетін өтеуде. «Айбын» Президенттік полкі» 0112 әскери бөлімі ҚР Президентінің және бірінші тұлғаларының қауіпсіздігін, маңызды мемлекеттік нысандардың күзетін жүзеге асыратын алдыңғы қатарлы әскери құрылым болып табылады. Сондықтан мерзімді жауынгерлік қызметті бұл құрылымның қатарында атқару – сарбаздар үшін үлкен абырой, асқан жауапкершілік. Аталған жеке құрам қатарына еліміздің түкпір-түкпірінен, әр облыстардан денсаулық жағдайы, мінез-құлқы, жеке қасиеттері тұрғысынан үздік деп танылған жастар таңдап алынады. Жерлесіміз Жақсылық Қайранның бұл қатардан табылуы – оның туған өлкесінде отбасында және мектебінде, оқу орны мен еңбек ұжымында алған білімі мен тәрбиесінің жемісі деп білеміз.
Жақсылықтың өзіне жүктелген жауынгерлік міндеттерді абыроймен атқарып келе жатқанын 0112 әскери бөлімнің құрамындағылар да растап отыр. Сарбаз осындай абырой биігінен көрінуіне ата-анасы, жақындары, өскен ортасы, мектебі мен оқу орны ұжымының берген тәлімі себеп болғанын айтады. Оның әскери саладағы жетістігі жастарға өнеге. Әріптестері де осындай қырағы сарбаздардың әскери саладағы жетістігін көпшілік білсе, жастарға патриоттық тәрбие беру, азаматтық қоғам құруға бағытталған ортақ мақсатқа қосқан үлес болатынын айтады.
Жақсылық Қайран Жалағаш ауданына қарасты Ақсу ауылында дүниеге келген. Өңірдегі №116 орта мектепті үздік тәмамдаған ол 2016 жылы Қорқыт-Ата атындағы ҚМУ-да білім алады. Қызылорда қалалық Қорғаныс ісі жөніндегі басқарма арқылы әскер қатарына шақырылып, бүгінде «Айбын» Президенттік полкінде жауынгерлік борышын өтеуде. Жақсылық әскери қызметтің алғашқы күндерінен бастап, жауынгерлік өмірдің қыр-сырын үйренуге зор ынтамен кірісті. Отанға деген патриоттық сезімімен қарулас достарына өнеге бола білді. Жүктелген міндеттерді атқару кезінде ол өзін белсенді, жауапты азамат ретінде көрсетті. Сөзі мен ісі қабысқан еңбекқорлығымен қатар қарапайым мінезді сарбаз жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарында командирлерінен үйренген білімдерін қызмет барысында дұрыс қолдана білді. Жауынгерлік дайындық нормативтерін әрдайым ең үздік бағаларға орындайды. Өзіне сеніп тапсырылған қарудың құрылымын, тактика-техникалық сипаттамасын, қызмет көрсету тәртібін жетік меңгергендіктен атыс даярлығында үздік нәтижелер көрсетіп жүр. Жауынгерлік кезекшілікте әрдайым қырағылық танытып, әскери міндеттерін жауапкершілікпен атқарғаны үшін бірнеше рет марапат төрінен көрінді.
Жақсылықтай сарбаздың әскери борышын өтеу кезіндегі жетістіктерін өскелең ұрпақ білуі тиіс. Жалынды жастардың отанға деген адалдығын біліп өскен келешек ұрпақ та оларға қарап бой түзері сөзсіз. «Айбын» Президенттік полкі» 0112 әскери бөлімі марапат төрінен көрінген сарбаздың осындай жетістікке жетуіне себепші болған барша жалағаштықтарға алғыс айтуды өтінген еді. Еріне қарап елін таныған әскери бөлімнің аудан халқына және сарбаздың ата-анасына деген алғысын осылай жеткізуді жөн көрдік. Сондай-ақ, бүтін бір ауданның білікті жастары Жақсылықтай тек елін жақсы жаңалықтарымен қуантады деген сенімдеміз.
«ЖЖ» ақпарат.

Пікір 1