» » Қазақстанда автокөлікпен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылмақ

Қазақстанда автокөлікпен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылмақ

Қазақстанда автомобиль көлік құралымен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салу мерзімін ұзарту жоспарлануда. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Энергетика министрлігі мұнай өнімдері тапшылығының туындауына жол бермеу үшін бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826) автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салуды ұзартуды көздейтін «Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрық әзірледі.

Тыйым салу жағармайды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0) әкетуге және автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген орнатылған бензин бактарында, сондай-ақ жанар-жағармай материалдарын жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларына қолданылмайды», – делінген ведомство таратқан хабарламада.
09 сәуір 2022 ж. 167 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 719

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031