» » Алматы-Шымкент тасжолында жол апаты болды

Алматы-Шымкент тасжолында жол апаты болды



«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Toyota Alphard автокөлігі жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«17 сәуірге қараған түні Сайрам аудандық полиция бөліміне Алматы-Шымкент тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 21:30 шамасында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының 4 шақырымында Алматыдан Қызылордаға қарай бара жатқан Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі HOWO жүк автокөлігіне соқтығысқаны анықталды», делінген Түркістан облыстық ПД хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Alphard жолаушысы жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

Әр түрлі дене жарақаттарын алған 7 жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. 

Аталған факті СДТБТ-де ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша тіркелді .

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

щ
18 сәуір 2022 ж. 260 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 276

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031