» » Қызылордада жол апатынан төрт адам көз жұмды

Қызылордада жол апатынан төрт адам көз жұмды


Қызылорда облысында жол апатынан төрт адам көз жұмып, бір адам дене жарақатын алды.

Оқиға 29 мамырда сағат түнгі 23.00 шамасында болған. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының Қызылорда облысы аумағындағы 1466 шақырымында MAN жүк көлігі мен «Mercedes» жеңіл көлігі соқтығысқан. Келеңсіз жағдай Қазалы ауданының аумағында болған.

«Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Онда автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу жағдайы көрсетілген. Жол апатынан 4 адам көз жұмды, ал 1 адам дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
31 мамыр 2021 ж. 212 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 277

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031