» » Жаңақорғанда ауданында көлік қаққан 3 адам қайтыс болды

Жаңақорғанда ауданында көлік қаққан 3 адам қайтыс болды

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданына қарасты Төменарық елді елді мекенінде көлік қаққан 3 адамның екеуі оқиға орнында, ал, біреуі медициналық мекемеге жеткізіліп, кейіннен туған жеріне оралған соң қайтыс болған.

Бұл оқиға «Жаңақорған-Төменарық» тасжолында орын алған. Төменарық ауылының тұрғыны өзінің «Renault Logan» маркалы автокөлігімен жол үстінде кетіп бара жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Салдарынан екі жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды, үшінші жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді.

«Қазіргі таңда автокөлік жүргізушісі қамауға алынды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамның жол жүру қағидаларын бұзып, абайсызда екі адамның өліміне әкеп соғу жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал, оқиға орнында мерт болған бір адамның туыстарының айтуынша, үшінші адам – Шымкент қаласынан екен. Ол медициналық мекемеге жеткізілгеннен кейін, сынған аяғына гипс салынған.
Бірақ, туған жері – Шымкент қаласына жете берген тұста өмірден озған екен.
Сондай-ақ, оқиға орнында қайтыс болған 2 адамның біреуінің туыстары кісі өліміне себепкер болған автокөлік жүргізушісіне кешірім бергендігін жеткізді.

31 қазан 2019 ж. 521 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031