Қызылордада тағы да жол апаты орын алды
Қызылорда қаласында жеңіл көлік жүргіншілер жолағында адам қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл оқиға кеше, 21 қазанда сағат 20.30 шамасында Қызылорда қаласы Абай даңғылы бойында болған. Сол сәтте «Mercedes-Benz» маркалы автокөлік жүргіншілер жолағында өтіп бара жатқан жаяу кісіні қағып өткен. Соның салдарынан ол қалалық аурухананың «травматология» бөлімшесіне жатқызылды. «Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу жағдайы көрсетілген. Сараптамалар тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
www.kazinform.kz