» » Қызылорда қаласының шет ауданынан нәрестенің мәйіті табылды

Қызылорда қаласының шет ауданынан нәрестенің мәйіті табылды



Қызылорда қаласындағы әл-Фараби шағынауданы аумағынан нәрестенің мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш оқиға 20 мамыр күні белгілі болды. Сол күні сағат 6.30 шамасында әл-Фараби кварталында орналасқан жол бойынан солтүстікке қарай 40 метр жерден нәрестенің мәйіті табылған.
«Қазіргі таңда аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабымен қылмыстық іс қозғалып, жаңа туған баланы анасының өлтіруі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс шеңберінде барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің барлық процессуалдық талаптарын сақтай отырып, нәрестенің анасын анықтау бағытында кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне.
Баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілмейтінін ескертті. Бұдан Қызылорда облысы Қазалы ауданында пакетке оралған нәрестенің табылғанын хабарлаған едік. Одан кейін тастанды нәрестенің анасы қолға түсті.

21 мамыр 2019 ж. 841 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 783

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031