» » Полицейлерді балағаттаған қызылордалық ұсталды

Полицейлерді балағаттаған қызылордалық ұсталды

Қызылорда қаласында полиция қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Полиция қызметінің кезекші бөліміне «Арай» мөлтек ауданында екі азаматтың қоғамдық тәртіп бұзғаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полицейлерді жедел жетті. Онда Қызылорда қаласының 30 жастағы тұрғыны заң талабына бағынбай, полиция қызметкерлеріне ар-намысына тиетін балағат сөздер айтқан.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Онда билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау жағдайы көрсетілген Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары электрондық форматта сотқа жолданды», - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Полиция қызметкерлеріне балағат сөз айтқан азаматтың кінәсі дәлелденсе, оған 80 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады.
Сонымен қатар, оған қоғамдық жұмыстарға тартуылуы, 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы тағайындалуы мүмкін.
18 қыркүйек 2019 ж. 654 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031