» » Мемлекеттік күзет қызметі – ерекше құрылым

Мемлекеттік күзет қызметі – ерекше құрылым

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің жұмысымен танысты. Бұдан кейін МКҚ-ның 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысып, сала қызметкерлерін құттықтады. Мемлекет басшысы бұл құрылымның ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінде аса маңызды рөл атқаратынын, күзет қызметкерлеріне айрықша жауапкершілік жүктелгенін атап өтті.

– Ел басшылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, стратегиялық нысандарды, сондай-ақ ше­телден келген мәртебелі меймандарды қорғау оңай жұмыс емес. Сіздер осы міндетті абыроймен атқарып келесіздер. Бұл 30 жыл ішінде қалыптасқан игі дәстүр, сабақтастық екені сөзсіз. Бүгінде Күзет қызметінің әлеуеті орасан зор. Жауынгерлік техникалық және жедел әрекет ету мүмкіндіктері мол. Шын мәнінде, Мемлекеттік күзет қызметін нағыз пат­риоттардың ұжымы деуге болады. Ең жауапты сәтте Отан үшін аянбай, адал қызмет етіп келесіздер, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы қазіргі шиеленісті гео­саяси жағдайда Мемлекеттік күзет қызметінің түрлі сын-қатерлер мен қауіптерге дер кезінде төтеп беру мүмкіндігінің аса маңызды екеніне тоқталды. Сондай-ақ жеке құрамның білімі мен біліктілігін одан әрі дамытып, мемлекеттік күзеттің бүкіл жүйесін жетілдіру қажеттігін қа­перге салды.

– Мемлекеттік күзет қызметі – ерекше құ­рылым. Сондықтан оған қойылатын талап та әрқашан жоғары болмақ. Сіздер жүктелген мін­детті шұғыл әрі тиімді атқарады деп сенемін. Мінсіз қызметтеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы сала қызметкерлерінің еңбегіне табыс тілеп, бірқатарын мемлекеттік наградалармен марапаттады. Атап айтқанда, І жә­не ІІ дәрежелі «Айбын» ордендері, «Жауын­герлік ерлігі үшін» медальдары табысталып, Президенттің Алғысы жарияланды. Қасым-Жомарт Тоқаев марапаттау рәсімінен кейін ме­рекелік концертті тамашалады.

23 сәуір 2022 ж. 120 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 719

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031