» » Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қашан іске қосылады

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қашан іске қосылады

Қазақстан Үкіметі жеңілдетілген автонесие бағдарламасын бекітті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриалдық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазір жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жүзеге асыру үшін «Жасыл даму» АҚ-дан қажетті қаражатты аударуға байланысты процедуралар жүргізіліп жатыр», деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, елімізде 2015 жылдан бері жеңілдетілген автонесие бағдарламасы жұмыс істейді. 2021 жылдың мамырына дейін 82 млрд теңге бөлініп, осы жылдың 31 наурызындағы деректерге сәйкес, аталған сомаға 30 мың көлік сатып алынды және 162 млрд теңгеге займ берілді.

«Жеңілдетілген автонесие алуға ниет танытушылар тарапынан сұраныстың жоғары екендігін ескере отырып, екінші деңгейлі банктер жаңа өтінімдер қабылдап жатыр. Бірақ қаражат олардың босауына орай берілетін болады. Бағдарлама Халық банк, Еуразиялық банк, Jýsan Bank, Центркредит банк және Форте банк сынды екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады», деді комитет төрағасының орынбасары.

Ведомство өкілінің айтуынша, Қазақстан Үкіметі 2022 жылдың 15 сәуірінде №227 қаулы қабылдады. Аталған құжат автонесие бағдарламасын 100 млрд теңге төлшерінде қаржыландыруды қарастырады.

Сонымен қатар «Жасыл даму» АҚ қаражаты есебінен 30 млрд теңге автобус паркін жаңартуға жұмсалады.
28 сәуір 2022 ж. 492 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930