» » «Оператор РОП» утилизация аламын мемлекетке қайтарады

«Оператор РОП» утилизация аламын мемлекетке қайтарады



Қазақстанда жаңа көліктердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған жеңілдетілген автонесие қайта іске қосылады.

Бағдарламада халықтың қоғамдық көлікте жүру жағдайын жақсарту үшін автобус паркін жаңарту қарастырылған. Бұл туралы «Хабар» телеарнасының «Большая неделя» ток-шоуының эфирінде ҚР Индустрия және инновациялық даму вице-министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

«Оператор РОП» ЖШС-нен өкілеттіктер мен активтерді «Жасыл Даму» АҚ-ға бергеннен кейін үкімет жинақталған қаражатты азаматтардың көңілінен шыққан жеңілдетілген автонесие бағдарламасын қайта бастауға бағыттау мүмкіндігін зерделеуде» деді вице-министр.

Ол теңгемен жылдық 4 пайыздан аспайтын бастапқы жарнасыз автокөлік сатып алу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтты.

Сонымен қатар, Қарабаев отандық өндірістегі автокөліктерді жеңілдікпен сатып алуға ваучерлер беру бағдарламасы әзірленетінін хабарлады.

Барлық жеңілдетілген бағдарламалардың тізбесі мен мазмұнын сарапшылар мен жұртшылықтың қатысуымен жұмыс топтары зерделеп, алдағы уақытта кездесулер бастайтын болады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке РОП операторының тарифтерін қайта қарауды тапсырған болатын.
24 қаңтар 2022 ж. 568 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930