» » Биыл көп балалы отбасыларға 8 мыңнан астам пәтер беріледі - Қ. Өскенбаев

Биыл көп балалы отбасыларға 8 мыңнан астам пәтер беріледі - Қ. Өскенбаев

Бүгін Үкімет үйінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев пен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Л. Ибрагимова көп балалы отбасыларға баспананың қолжетімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

«Нұрлы жер» бағдарламасының «Сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй салу» міндеті аясында сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй республикалық және жергілікті бюджеттерде сәйкес қаржы жылында көзделген қаражатқа сәйкес келесі адамдарға ұсынылады:
  1. табысы аз көп балалы отбасыларға;
  2. халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына;
  3. жұмыс істейтін жастарға.
2019 жылы республикалық бюджеттен әкімдіктерде кезекте тұрған адамдар үшін 6002 сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысына (сатып алуына) 32,8 млрд теңге бөлінді. Жыл сайын кем дегенде 4 мың пәтер пайдалануға берілетін болады.                        
Көп балалы отбасылар үшін 2025 жылға дейін 40 мың жалға берілетін тұрғын үйдің немесе жыл сайын 6 мың пәтердің құрылысы жоспарланды. Осы мақсаттар үшін 7 жыл ішінде 350 млрд теңге қарастырылған (немесе жыл сайын 50 млрд теңгеден).   
«Бүгінде біз 2 813 пәтерді бердік және жоспардан алда келеміз. Көп балалы аналарды пәтерлермен қамтамасыз ету аясында биыл 6 мың емес, 8 мыңға жуық пәтерді өткізуді көздеп отырмыз», деді Қ. Өскенбаев.   
Сондай-ақ бірінші вице-министр екі апта сайын ол бағдарламаның аспектілерін түсіндіру үшін көп балалы аналармен кездесетінін атап өтті.
«Олар баспананы дәл қазір алғысы келеді. Бірақ шыдамдылық қажет. Кезек ережелерін сақтау керек. Мен де, министр де, Үкімет басшысы да – ешкім кезекті бұзып, біреуді кезектен тыс өткізіп жібере алмайды. Заң бар», деді Қ. Өскенбаев.
Сондай-ақ Қ. Өскенбаев көп балалы отбасыларға баспана алу үшін бөлек кезек жасау мәселесіне түсініктеме берді.
«Бұрын көп балалы отбасылар жалпы ортақ кезекте тұратын. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен жетім балалар үшін басымдық болды. Оларға салынған тұрғын үйдің 20% берілетін. Салынған тұрғын үйдің 80%-ы қалған кезекке берілді. Бұл халықтың әлеуметтік осал тобының 11 санаты», деді Қ. Өскенбаев.
Осы жылдың мамыр айында заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес көп балалы отбасылар жеңілдетілген баспананы бірінші кезекте  алушылармен теңестірілді. Бұл бағдарламаны «Нұрлы жер» бағдарламасында жедел іске асыру үшін жеке кезек бөлінді.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова кезектің айқындылығы туралы айтып берді. Оның айтуынша, ҚТҚЖБ ҚР ИИДМ-мен бірлесіп, тұрақты негізде деректерді салыстырып тұрады.
«Бүгінгі таңда 512 мың кезекте тұрғандардың 160 мыңы біздің банктің салымшылары. Яғни, адамдар Қазақстанда мүлдем тегін баспана болмайтынына және адамдар тезірек тұрғын үй алуы үшін жағдайлар жасалып жатқанына сенді және түсінді. Бір уақытта ЖАО-да кезекте тұрған және ҚТҚЖБ салымшылары болып табылатын осы 160 мың адамның 20%-ға жуығында 1 млн теңгеден астам жинақ бар», деді Л. Ибрагимова.
Бұл санаттағы адамдар жылдық 5%, бастапқы жарнасы 20% құрайтын «Нұрлы жер» бағдарламасына қатыса отырып, үй иесі бола бастайды және кезектен шығады.
«Бақытты отбасы» бағдарламасына да ЖАО кезегінде тұрған азаматтар — көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қатысады.
«Қазір біздің hcsbk.kz сайтта қарыз алушылар тізімі, яғни қарыз алған отбасылардың тізімі жарияланған. Бұл айқындық бізде барлық несиелік тұрғын үй бойынша қамтамасыз етіледі. Қысқасы, баспаналы болған адамдардың тізімін біз жариялап отырамыз», деді Л. Ибрагимова.  
Сонымен бірге, бейінді ведомствоның бірінші вице-министрі көп балалы отбасылар санының өскенін атап өтті.
«Үш жылдың ішінде біз көп балалы отбасыларды жеңілдетілген баспанамен толықтай қамтамасыз етуіміз керек. Басымдық жарияланған кезде 29 мың көп отбасы кезекте тұрды. Бүгінде олардың саны – 38 229 отбасы. Кезек айтарлықтай жылдам қарқынмен өсуде. Біз өсімді ескере отырып тұрғын үй салып жатырмыз. Сондықтан алға қойылған міндеттер толығымен орындалады», деді Қ. Өскенбав.
21 қыркүйек 2019 ж. 956 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930