» » Қолайсыз үйде тұрып жатқан қызылордалық 150 отбасыға пәтер беріледі

Қолайсыз үйде тұрып жатқан қызылордалық 150 отбасыға пәтер беріледі



Аз қамтылған көп балалы 150 отбасы облыстық бюджет қаражаты мен "Болат Өтемұратов қорының" қайырымдылық көмегі есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Аталмыш меморандумға ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кеңесте қол қойылды. 
ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көп балалы және толық емес, табысы төмен мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру туралы тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кеңес барысында Қызылорда облысы халқының әлеуметтік  осал тобының тұрғын үй мәселесін шешудегі тәжірибесі ерекше аталып өтті. ҚР Үкіметі басшысы Қызылорда облысының оң тәжірибесін басқа да аймақтарға енгізуді тапсырып, бизнес өкілдерін әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға үлес қосуға шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, аймақта өте нашар тұрғын үй жағдайындағы аз қамтылған мұқтаж көп балалы отбасыларды анықтау мақсатында жұмыс комиссиясы құрылған болатын. Қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша комиссия 150 жанұяны анықтады.
"Көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамту үшін Болат Өтемұратовтың қорының қайырымдылық көмегі  есебінен тұрғын үйдің бір бөлігін салу туралы мәселені талқыладық. Нәтижесінде, жергілікті бюджет есебінен 50 отбасы және қалған 100 отбасы қор есебінен баспанамен қамтамасыз етіледі", - деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, баспананың 1 ш.м. құны 70 мың теңгені құрайды.  Күзгі салқын түскенше отбасылар жаңа үйлеріне қоныстанып үлгерулері үшін тұрғын үй құрылысы 1 қыркүйекке дейін аяқталады деп жоспарлануда. Болат Өтемұратов қоры тарапынан тұрғын үйлерді салу бойынша «Баламекен» жобасының жүзеге асырылуына 450 миллион теңге бөлінеді.
"Өз тарапынан әкімдік осы уақытқа дейін барлық инженерлік инфрақұрылымдар - электр, газ, су, телефон байланысы мен автожолдар құрылысын аяқтауға, сондай – ақ, әрбір үйге 6 сотық жер телімін бөлуге кепілдік береді", - деп атап өтті облыс әкімі.
Бүгінгі күні облыс бойынша тұрғынүйге мұқтаж азаматтар саны 27 906 адамды құрайды. Оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санаты бойынша 14 074 адам кезекте тұр, олардың 2038 көп балалы отбасы болып табылады.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында облыста тұрғын үй құрылысы қарқынының тұрақты даму үрдісі байқалып отыр. Соңғы 6 жылда облыс бойынша тұрғын үйді іске қосу көлемі 2,5 есеге артты. 2013 жылы 270 мың шаршы метр болса, 2018 жылы 700 мың шаршы метрге дейін өсті. Осы жылдар ішінде Қызылорда қаласында 15 жаңа шағын аудан салынды, 361 тұрғын үй пайдалануға берілді, 7709 қызылордалық жаңа баспаналы болды, олардың қатарында апатты жағдайдағы үйлер мен жатақхана тұрғындары да қамтылды.
Сонымен қатар, облыс әкімдігінің бастамасы бойынша 2017 жылы аймақта "ОРДА" аймақтық Жол картасы қабылданды. «ОРДА» бағдарламасы арнайы халықтың аз қамтылған және әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарын 500 мың теңге кепілдік жарна арқылы  бастапқы 20% жарнасыз тұрғын үйге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
2018 жылы Қызылорда қаласының сол жағалауында жеке құрылыс салушылардың қаражаты есебінен 14 көпқабатты тұрғын үй немесе 604 пәтер республика бойынша ең төмен бағамен - 1 шаршы метріне 120 мың теңгеден пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, 2019 жылы "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда облысы бойынша жалпы саны 568 пәтерлік 14 көппәтерлі тұрғынүйдің құрылысы жүріп жатыр, ағымдағы жылдың сәуір айында 928 пәтерлік 21 тұрғын үйдің құрылысы басталады. Айта кетейік, аталмыш тұрғын үйлер инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде ыңғайлы болу үшін сол жағалаудың бір бөлігінде орналасатын болады.
"Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Нұр Отан" партиясының XVIII съезіндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында көп балалы аз қамтылған отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тарапынан бізге қосымша 3,6 млрд.теңге бөлінді. Нәтижесінде 470 пәтерлік тағы 10 үйді алу мүмкіндігі туды. Ағымдағы жылы өңірімізде 1966 пәтерлік 45 көп қабатты тұрғын үй салынады. Олардың басым бөлігі халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына беріледі", - деп атап өтті аймақ басшысы.



https://syrboyi.kz
28 наурыз 2019 ж. 889 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 778

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031