» » ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРАДЫ

Жақында өткен «Нұр Отан» партиясының съезінде Елбасы көп балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту керектігін айтқан болатын. Сондай-ақ, Үкіметке әсіресе, табысы төмен отбасыларды қолдауды тапсырды. Келелі жиындағы Мемлекет басшысының атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 70 пайызға ұлғайтуға қатысты тапсырмасы бізді қуантып отыр. Бұл жұмыстар жүзеге асса, елдің әл-ауқатын арттыруға айтарлықтай сеп болары сөзсіз.  
Кешегі Елбасының төрағалығымен өткен кеңес отырысында да қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға қатысты шаралардың сапалы жүзеге асуы басты назарда болатыны айтылды. Өзім әлеуметтік көмекті сәуір айынан бастап алатынымды естіп қуанып қалдым. Бұған дейін де көп балалы отбасыларға қолдау жасалды. Енді олардың мөлшерінің артуы біздің тұрмыс сапамызды қоса арттырады деп ойлаймын. Мен сияқты көп бала тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін бұл үлкен қолдау. Өзім 6 бала өсіріп отырмын. Сондықтан, алтын құрсақты аналардың еңбегін елеген ел ағаларына алғысым шексіз.
Тағы бір айта кететін жайт, енді елімізде арнайы тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үйлер құрылысы қарқынды жүреді. Бұйыртса, аз пайыздық мөлшермен баспаналы болудың да күні алыс емес.

Шаттық ИЖАНОВА, 
         Ақсу ауылының тұрғыны, 
Батыр ана.
07 наурыз 2019 ж. 770 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930