ТҰРМЫС САПАСЫ АРТСА, ӘЛ-АУҚАТ ТА ӨСеді

Елдің әл-ауқатын жақсарту алдымен неге байланысты? Әлбетте, қазақстандықтардың әл-ауқаты табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты. Осы ретте Мемлекет басшысы Үкіметке келер жылдан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни, 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды. Бұл бастаманы жүзеге асыру үшін ел қазынасынан 96 млрд теңге бөлінеді. Нәтижесінде, бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі. Бұл жұмыстың жүзеге асуы елдің әл-ауқатын арттыруға үлкен сеп болары сөзсіз.
Мемлекет басшысы елдің әл-ауқатын арттыру, өмір сүру сапасын жақсартуға келгенде тек қаржылық қолдаумен шектелген жоқ. Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру жайын да толық қамтыды. Бұл ретте алдымен тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмыс істеуге қолайлы елді мекеннің және сапалы инфрақұрылымның болуы бірінші кезекте тұруы тиіс.
Жалпы, Жолдауда елдің әл-ауқатын, өмір сүру сапасын жақсарту үшін алда үлкен міндеттер күтіп тұрғаны айтылды. Сондай-ақ, Елбасы сыбайлас жемқорлықтың кез келген сала жұмысының алға басуына кедергі келтіретінін айтып, онымен күресу шаралары жалғасын таба беретінін кеңінен тарқатты.
Қанат Көшербаев,
аудандық теміржол полициясының бастығы.