» » КӘСІПКЕРЛІКтің ӨРІСІ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ

КӘСІПКЕРЛІКтің ӨРІСІ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ



Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында бірнеше мәселе қамтылған. Солардың бірі – кәсіпкерлік саласын қолдауға байланысты болып отыр. Кәсіпкерлер үшін үлкен жаңалық ретінде 2019 жылдан бастап бизнес өкілдері үшін салық амнистиясының енгізілетіндігін атап өтуге болады. Енді кәсіпкер салықтан негізгі қаржысын төлесе, айыппұл мен өсімпұлын төлемейтін болды. Бұл – кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау.

Сондай-ақ, Елбасы Жолдауда «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының 2025 жылға дейін ұзартылып, жыл сайын 30 млрд теңгеден қаржының бөлінетіндігін айтып, бізді қуантып тастады. Бұл дегеніміз жаңадан кәсіпкерлік нысандары ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылатындығын білдіреді.
Мен «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 2017 жылы 15 млн теңге көлемінде жеңілдетілген пайызбен несие алып, айналым қаражатымды толықтырдым. Бұл маған үлкен көмек болды. Мемлекет басшысы Жолдауда кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға арналған «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзартылуының нәтижесінде республика көлемінде тағы да қосымша 22 мың жұмыс орны ашылатындығын айтты. Бағдарламаның кәсіпкерлерді қолдап қана қоймай, халықты жұмыспен қамтуда да маңызы ерекше.
Елбасының Жолдауда жергілікті тауар өндірушілерді қолдау, өнім өндіретін кәсіп иелерінің тауарларын кеңінен қолдануға шақыруы да біздің кәсіпкерлердің жұмысына жаңа серпін мен дем берері сөзсіз.
Жалпы, Жолдауда жаңалықтар өте көп болды. Енді сол алға қойған міндеттерді бірге жүзеге асыруымыз керек. Ең бастысы, қолдау бар. Тек нәтижеге жұмыс жасауымыз қажет.



С.БАЙМАҒАНБЕТОВА,
«Дархан» ЖШС төрайымы.


13 қазан 2018 ж. 741 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930