» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ АЯСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ АЯСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ



Облыс әкімі Қ.Көшербаев облыс активінің жиынында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  Қазақстан халқына Жолдауының негізгі міндеттерін жүзеге асыру жайын айтты.
Іс-шараға онлайн режимінде облыс аудандарының активтері қатысты.

Жиында әр саланың өкілдері жолдауға қатысты пікірлерін білдірді. Олардың қатарында «Сыр маржаны» ЖШС бас директоры Мінажадин Утеев, өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Асқар Махамбетов, облыстық медицина орталығының директоры, облыстық мәслихат депутаты Нұридин Амитов, М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледж директоры Бақытжан Сайлыбаев және Санкт-Петербург университетінің түлегі, «СКЗ-U» зауытының инженер-технологы Смайылова Жазира ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын айтты.
Аймақ басшысы атап өткендей, тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқарып, жаңа мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету мүмкіндігі туды. Қазақстанның халықаралық беделі артып, оның геосаяси рөлінің күшеюіне қол жетті.
«Бүгінгі актив жиыны Мемлекет басшысының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы бойынша алдағы міндеттерді айқындауға арналады. Жаһандану заманында әрбір ұлттың өзін-өзі тануға ұмтылуы – заңдылық. Осы ретте, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы Рухани сілкініске жол көрсетуші бағдар ретінде жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін берді. Сондықтан, бұл бастаманы әрі қарай жалғастыра отырып, оның аясын жаңа мазмұнмен және тың бағыттармен толықтыра беретін боламыз»,-деді аймақ басшысы.
Аймақ басшысы Жолдаудағы «адами капиталды» дамыту жөніндегі пікірді ерекше атап өтті.
«Заманауи қоғамда әлеуметтік-экономикалық дамудың сандық емес, сапалық сипаттамалары бірінші орынға қойылады. Қазіргі таңда экономикалық өсімнің және бар құндылықтың негізгі қозғаушы күші - адам, оның білімі мен дағдысы болуы керек. Оның өнімді еңбек әрекеттері біліміне, дағдысына, тәжірибесіне байланысты болады. Осылайша экономикалық өсімнің де жоғары сапасы қамтамасыз етіледі», - деді Қырымбек Елеуұлы.
Мемлекет басшысы бизнесті өркендетудің маңыздылығын тағы да атап өтіп, қазақстандықтардың басым бөлігін табыспен қамтамасыз етуде оның тиімділігінің зор екенін айтты. Биылғы жылды өңірде «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияланған болатын. Осы жұмыстардың оң нәтиже беруіне орай 2018-2020 жылдарды өңірімізде жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы деп қайта жарияланды. Осы ретте, жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны бойынша жыл басынан бері өңірлер арасында Қызылорда облысы көш бастап тұр.
9 айдың қорытындысымен кәсіпкерлік саласында 101 жобаға несие бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау мақұлданды. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес несиесі бойынша 52 жобаға кепілдік ұсынылды, гранттық қаржыландыруға 200 млн. теңге бөлініп, облыстың 224 кәсіпкерінің жобасы қолдау тапты. Бұдан басқа, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 2018 жылы республикалық бюджеттен микрокредиттер беру үшін 3489 млн. теңге және облыстық бюджеттен микрокредиттерді ұлғайту үшін 1 млрд. теңге бөлінді.
Аймақ басшысы өңірдің басқа да жетістіктерін, әрі қарай шешілуі тиіс мәселелерін атап өтіп, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Қорытындылай келе, облыс әкімі Қ.Көшербаев әріптестерін  Елбасының алға қойған міндеттерін жүзеге асыруға шақырды.




https://syr-media.kz

09 қазан 2018 ж. 1 164 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930