КӘСІПКЕРЛІК КӨРКЕЙСЕ, КӨПКЕ ЫРЗЫҚ ТАБЫЛАР
Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен жаппай кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне арналған облыс активінің кеңейтілген отырысы өтті.
Бүгінде елімізде 2017-2021 жылдарды қамтитын «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаның екінші бағыты – жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында несиелеу ауқымы кеңейіп, халықтың бизнеспен айналысу мүмкіндігі арта түсті. Мұны тек тиімді пайдаланып, істі ұтымды ұйымдастыра білсе болғаны.
Облыс әкімі барлық деңгейдегі әкімдерге үнемі салық базасын ұлғайту, тұрақты жұмыс орындарын құру және қоғамдық-саяси ахуалды жақсарту сияқты келелі үш міндетті қойып отырады.
– Аталған міндеттерді шешудің бір ғана тетігі бар, ол – шағын және орта бизнесті дамыту. Осылайша біз саяси тұрақтылықты сақтаймыз, бюджетті нығайтамыз, әлеуметтік шиеленістерді болдырмаймыз. Әсіресе, өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз адамдарды стартап жобаларға тарту арқылы көлеңкелі экономикадан шығаруға күш салуымыз керек, – деді аймақ басшысы.
Одан кейін Қызылорда қаласы мен аудандардың, ауылдық округтердің әкімдері, жауапты сала өкілдері өздеріне жүктелген тапсырмалардың орындалу барысына тоқталды.
Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың айтуынша, 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылдың осы кезеңінен 351-ге көбейген. Сөйтіп, 4148 бірлікті құрады. Оның тек 3376-сы жұмыс істеп тұр. Бағдарлама шеңберінде 98 жоба қолға алынып отыр. Олар жүзеге асқан жағдайда 347 жұмыс орны құрылмақ. «Бастау-бизнес» және «Бизнес-кеңесші» жобалары аясында оқу курстарынан өтетін адамдардың тізімі бекітіліп, бүгінде олардың бір бөлігі кәсіпкерлік негіздерін меңгерді.
Қазалыда 14 мыңнан астам адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев арнайы құрылған 3 топ мүшелері оларды жұмысқа тарту мүмкіндіктерін зерттеп жатқанын айтты. Күні кеше өңірлік кәсіпкерлер палатасының назарына ұсынылған 97 жобаның 36-сы қолдау тауып, қаржыландырылатын болды.
Қармақшы ауданы бойынша тиісті салада көрсеткіштің жоғарылағаны байқалады. Осы жылдың сәуіріндегі мәліметке қарағанда, 3732 кәсіпкерлік субъектісі тізімге алынды. Соның 108-і өткен 3 айдың үлесіне тиіп отыр. Сәйкесінше салық мөлшері өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 6%-ке көбейді.
– Бизнеске енді ғана бет бұрғандар «Бизнес-бастау» немесе «Бизнес-кеңесші» сияқты жобалардың ғана көмегіне жүгіне алады. Қаржылық институттарға барып тәуекел етуге қауқарсыз. Сондықтан шағын несиемен қамту көлемін қайта қарап, мүмкіндіктерін кеңейтсе, дұрыс болар еді, – деді аудан әкімі Сұлтан Мақашов.
Жалағашта былтыр құны 1 млрд 408 млн теңгені құрайтын 174 жоба қаржыландырылса, биыл бұл көрсеткішті 2-3 млрд теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев жыл көлемінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 15 жоба ұсынылатынын жеткізді.
Сырдария ауданында бүгінде тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің 73,6%-і жұмыс істеп тұр. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде 12 жоба жүзеге асырылды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 15 жобаны орындау жоспарланды.
– Алдағы уақытта өтетін өңірлік кәсіпкерлер палатасының кеңесіне 164 жоба ұсынылды. Биыл 725 жұмыс орнын құру межеленсе, қазіргі күні соның 143-і ашылды, – деді аудан басшысы Ғанибек Қазантаев.
Аймағымызда тіркелген 50738 бизнес субъектісінің 51,1%-і, ал жұмыс істеп тұрған 38758 субъектінің 49,5%-і – Қызылорда қаласының еншісінде. Ал есепте бар 6 мыңға жуығының жұмыс істемеу себебін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтып берді.
– Олардың 80%-тен астамы қайтарымсыз грантқа қатысу немесе шағын несие алу үшін ғана жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Дегенмен, барлығының жобалары бірдей қолдау таба бермейтіні түсінікті. Міне, мәселенің күрделі болатыны осыдан, – деді шаһар басшысы.
Ескеретін тағы бір жәйт, мемлекеттік бағдарламалар аясында мемлекеттің қолдау қаржысын алып, қайтаруға келгенде көбі енжарлық танытады. Облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким осы жиында грантты мақсатсыз пайдалану, салық төлеуден жалтару сияқты мәселелер барын жеткізді.
– Белгілі бір мақсатқа деп алған ақшасын орынсыз жарататындар кездеседі. Бағдарламаның шарты бойынша мемлекет қаражатының қайтарымы болу керек. Судың да сұрауы болатыны сияқты мұның да сұрауы барын ұмытпайық, – деді ол.
Актив отырысында сонымен қатар, бірқатар ауылдық округ және кент әкімдері атқарылған жұмыс пен алдағы міндеттер жайында сөз қозғады. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытына жетекшілік ететін жауапты сала өкілдері де елді мекендердегі халықтың кәсіпкерлікке бетбұрысын баяндады.
Келелі басқосуды қорытындылаған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бизнесті өркендету жолындағы жұмыс барысы қатаң бақылауында болатынын қаперге салды. Әсіресе, жұмыссыз және өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған халықтың басындағы мәселені шешудің маңызын ерекше атап өтті.
Назерке САНИЯЗОВА,
«Сыр бойы».

Пікір 2