ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ АРТАДЫ
Еліміздің саяси және рухани өміріндегі айтулы оқиғалардың бірі ретінде Елбасы Жолдауын атап өтуге болады.. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауды 2050 жылға дейінгі Стратегияның, Ұлт жоспарының, елдің Үшінші жаңғыруының жалғасы деуге болады.
Саяси-экономикалық кең айналымға «қолма-қол ақшасыз экономика» ұғымын енгізе отырып, Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатының басты факторы ретінде жалақыны өсіруге баса назар аударды. Ол үшін 1,3 млн адамның еңбекақысының ең төмеңгі мөлшерін 1,5 есеге, яғни, 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін арттыруды тапсырды. Сонымен қатар, экспортқа бағытталған индустрияландыру мәселесін экономикалық саясаттың негізгі элементі болуы тиістігін атап көрсетті. Бұл орайда Үкімет өңдеу секторындағы экспорттаушыларға қолдау көрсетуге баса мән беруі қажет. Елбасы басымдығы бар жобаларға қолжетімді несие беру міндетін шешу үшін Ұлттық банкке кемінде 600 млрд теңге көлемінде ұзақ мерзімге қаржы бөлуге тапсырма берді.
Жолдауда басымдық берілген салалардың бірі – ауыл шаруашылығы. Ол біздің экономикамыздың дәстүрлі діңгегінің бірі. Президент таяудағы 3 жылда жылына 100 млрд теңгеден кем емес қаражат бөліп, оны жаппай заманауи агротехнология әкеліп енгізуге жұмсауды тапсырды. Агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін арттыру маңызды болып қала береді.
Ең бастысы, өнеркәсіп, көлік, банктер мен экономиканың өзге де салаларын дамытуға көңіл бөлініп, енді халықтың тұрмысын жақсарту мәселелеріне ден қойылып отыр.
Қорыта айтқанда, Жолдау әрбір қазақстандыққа жаңа міндеттер жүктейді. Ал, жүзеге асуына баршамыз жауаптымыз.

Ө.ЖАҚСЫЛЫҚ,
аудандық қазынашылық басқармасының басшысы.