» » » «Ұстаз мәртебесі – ұлт болашағы» атты облыстық конференция өтті

«Ұстаз мәртебесі – ұлт болашағы» атты облыстық конференция өтті

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын насихаттауға бағытталған «Ұстаз мәртебесі – Ұлт болашағы» атты облыстық конференция болып өтті. 

Конференцияға жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының директорлары мен ұстаздары, студенттер, мектеп мұғалімдері мен балабақша меңгерушілері, мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ, БАҚ, жастар өкілдері қатысты. 
Конференция модераторы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу - тәрбие ісі жөніндегі проректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Абдикаримов Бахытхан Елбасының алдымызға қойған II міндетіне Тұрмыс сапасын артыруға тоқталды.
Сонымен бірге конференция барысында Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақзира Бақтыбайқызы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ университетінің педагогика-психология кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Шарбан Мұсабекқызы Майгелдиева, Қызылорда облыстық «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының «Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету» кафедрасының аға оқытушысы Ақманат Серікқызы Басанова, «Күнекей» балабақшасының меңгерушісі Салтанат Рашитқызы Қасенова, №15 мектеп-лицейінің директоры Күміскүл Дүйсенқызы Серекеева, Елбасының алдымызға қойған II міндетіне орай өз баяндамаларын оқыды.
Мұғалімнің кәсіби дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білімі мен практикалық біліктілігі – құзіреттілік пен кәсіби шеберлігінің сапасы ретінде қаралатындығын, әрбір ұстаз оқытудың жаңа технологиясындағы тиімді пайдаланған әдістердің бәрі бала дамуына қарай бағыттау керек екендігін №15 мектеп-лицейінің директоры К. Серекеева жеткізді. 
Сонымен қатар, «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының «Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету» кафедрасының кафедрасының аға оқытушысы А. Басанова: «Ұстаз беделі – ұлт мәртебесі, ұстаз беделі – ел еншісі, ұстаз беделі – болашағымыздың беделі. Мемлекетіміздің болашағын қалайтын, абыройыын асқақтататын осы мұғалімдер», - деп ұстаздарға артылар жауапкершіліктің зор екендігін атап өтті. 
Іс-шарада облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов, Жолдауда айтылған негізгі мәселелерге сондай-ақ, реформалар мен Елбасының үкіметке қойып отырған талаптарын, Қазақстан халқына жүктелген тапсырмаларын айтып өтті.
«Жолдаудағы міндеттердің орындалуы Қазақстанның әлемдегі технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістерге бейімделуіне ықпал ететін болады. Педагог кәсібінің мәртебесі мен имиджін арттыра білсек, сонда ғана қойылған міндеттер мен тапсырмаларды орындауға қабілетті боламыз», - деді Талғат Толыбайұлы. Кездесу соңында қатысушыларға таратпа материалдар, Елбасы Жолдауына арналған әдістемелік нұсқаулық таратылды.
http://www.syrboyi.kz
30 қазан 2018 ж. 1 034 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930