» » Ынтымақтың алтын бесігі

Ынтымақтың алтын бесігі

Көктем келді,
Май келді,
Мамыражай ай келді.
Тал-теректер түрленіп,
Жапырағын жайды енді.
Осы бір керемет өлең шумақтары гүл көктемдегі мерекелердің ең ғажабы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін паш етіп тұрғандай!

Шынымен мерекелердің жұл­дыз­ды шеруін бастайтын, Жер ана­ның бусанған шағындағы бір­лік, ынтымақ, келісім деген әдемі сөз­­дерден жақұттай алқа тақ­қан осы­нау мерекенің сан ұлт пен ұлысты бауырына басып, достық­тың алтын тұғырындай болған қа­­зақ елі үшін маңызы зор, мәр­тебесі биік. Бұл күні бірлікті ту еткен халықтар достығы дәріптеліп, жүзі басқа болса да жүрегі бір, түрі басқа болса да тілегі бір сан ұлттың әні шырқалып, ұлттық билері сахналанып, көп­ші­лікке ерекше әсер береді.

Алтын дәнімен аймаққа белгілі, тамыры терең, тарихы ерен, та­лай ұлт пен ұлысқа құтты қоныс бол­ған Жалағаш халқы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні ме­ре­кесін ерекше салтанатпен атап өтті.

Мереке құрметіне орай орталық алаңда өткен салтанаты мен сәні, әуезі мен әні жарасқан шара бірлік пен шаттықтың, ізгілік пен достықтың жарқын көрінісіндей болды. Күллі ұлт пен ұлысқа ортақ мейрамды тамашалауға аудан тұрғындары, еңбек ардагерлері, кентті құт ме­кен еткен өзге ұлт өкілдері келді. «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты көзді тартқан қолөнер бұйым­дары көрмесі болды. Ондағы бұ­йымдардың түрлі ұлт өкілдері ше­­­берлерінің қолымен жасалғаны да жұртшылыққа ерекше әсер берді.

Ырыс пен ынтымақтың, бірлік пен берекенің, ұлтаралық тату­лық пен қоғамдық келісімнің те­мірқазығы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен жұрт­шылықты аудан әкімі Асқар­бек Темір­бекұлы құттықтап, өзінің жүрек­жарды лебізін білдірді.

– Бәріміздің басты арманымыз − берекелі-баян­ды, та­ту-тәтті өмір сүру. Халқы­мыз­дың ынтымақ- бірлігі арта бер­сін. Тамыры терең, тарихы кенен, қойнауы шежіреге толы жала­ғаш­тықтардың қай кезде де ел бірлігі мен ұрпақ саулығы, ұлт амандығы жолында атқарған жарқын істері көпке үлгі, – деді аудан басшысы.

Осы керемет мерекеде Жала­ғаш аспанын әр ұлттың әні мен биі тер­беп, көңілдерге жырмен бірге нұр құйды. Түрлі үлгідегі өрнегі мен на­қышы көз тартар ұлттық киім киген өнерпаздар құйқылжыта ән салып, мың бұралып би биледі. Концерттік бағдарламада орындалған «Өз елім» әні ғажап мерекенің ажарын ай­шықтап, сан ұлтқа қоныс бол­ған қазақ елінің мерейін өсіріп, мәр­тебесін көтергендей керемет әсер берді. Ең бастысы, жиылған қауым еліміздің амандығы мен жұр­ты­мыздың тыныштығын, халықтың ауыз­біршілігін тілге тиек етіп, бір-бі­­ріне алғаусыз адал ниеттерін біл­дірді.
Шадыман шаттыққа толы орта­лық алаңның сән-салтанатын аудан өнерпаздарының театрланды­рыл­ған қойылымы көріктендіріп тұрды.
Бүгінде достықтың құтты ме­кеніне айналған Жалағаш ауда­нында үш жүз елуден астам өзге ұлт өкілдері ғажап, ынтымақты ғұмыр кешуде. «Ынтымақты елге ырыс қонар, ұстанған жолы дұрыс болар» демекші, бірлігі берік, ырыс қонып, бақ дарыған жалағаштықтар дүбірлі мерекені осылайша ынтымақпен тойлап, тұғырлы тарихи сәтке куә болды.

Гауһар АСҚАРҚЫЗЫ

04 мамыр 2022 ж. 291 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 824

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031